Азаматтарға арналған үкімет қызметкерлері демалыссыз жұмыс істеуде

Азаматтарға арналған үкімет қызметкерлері 42500 теңгеге түскен 20 мыңнан астам өтінішті өңдеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 31 наурызында зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыны, АӘК мен әлеуметтік көмекті қоса алғанда, жылдық мәнде 10%-ға индекстеуді, сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға, бұрынғы қызметкерлерге, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға 1 ЕТЖ немесе 42 500 теңге төлеуді тапсырды. Болжам бойынша, қолдау үшін 3 млн-ға жуық қазақстандық өтініш білдіруі мүмкін.

Мемлекет басшысының шұғыл тапсырмасын орындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Әлеуметтік блогының қызметкерлеріне жүктеме 4 есеге артты.
«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының ұйымшыл ұжымы әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін, Президенттің қайта есептеу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында онлайн қызмет көрсетуде. Бұл жұмысқа филиалдың әлеуметтік блогының 200-ден аса қызметкері жұмылдырылған, оның ішінде 100–ден аса оператор бэк-офистерде және 100-ден аса оператор үйде онлайн қызмет көрсетуде. Жұмыс кестесі таңғы сағат 8-ден басталып 22-ге дейін, кейде одан да ұзаққа созылуда.
Олар азаматтардың өтініштерін қабылдайды, тексереді және уәкілетті органға жібереді. Әлеуметтік сақтандыру жөніндегі мемлекеттік қордың (ГФСС) растауынан кейін, құжаттарды төлем жасау үшін базаға енгізеді.

Бүгінгі күнге дейін республика бойынша келіп түскен 1 миллион 200 мыңға жуық өтініштің 20 мыңнан астамы Алматы қаласының үлесінде. Филиал қызметкерлері оларды өңдеп, төлем жасауды қамтамасыз етуде.

Сондай-ақ, 1414 call-орталығында жұмыс істеу үшін әлеуметтік блоктың 2 операторы бөлінген, олар азаматтардың әлеуметтік төлемдерге қатысты сұрақтарына жауап береді.
«Елдегі қазіргі жағдай бәрімізден бірлікті талап етеді. Біздің қызметкерлеріміз еселене түскен жұмысына барлық күш жігерін жұмсап, қайраттылық танытуда, өйткені жауапкершілік жүгі өте ауыр. Барлық аудандарда жәрдемақыға өтініштер толассыз келіп түсуде. Қызметкерлеріміздің төзімділігі мен шыдамдылығының арқасында тапсырма сапалы орындалуда. Бұл орайда,филиалдың әлеуметтік қамтамасыз ету блогының барлық қызметкерлеріне алғысымды білдіремін! Біздің ұранымыз — SANALY QYZMET-SAPALY NATIJE! » — дейді филиал директоры Данияр Қырықбаев.
Ел бірлігі осындай қиын сағаттарда сыналады. Филиал ұжымы қиындықты да бірге жеңетіндеріне сенімді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *