ҚАЗАҒЫМ БАРДА – МЕН БАРМЫН

Бұл – Асылы Османның ұстанымы

Рас ЕСКЕНДIР

Қазақ мемлекеттiк қыздар педа­гогикалық университетiнде өткен «Мемлекеттiк тiл – этностарды ұйыс­тырушы фактор» тақыры­бын­дағы семинарға белгiлi тiл жана­шыры, «Мемлекеттiк тiлге – құрмет» қоғамдық бiрлестiгiнiң төрайымы Асылы Осман қаты­сып, қазақ тiлiнiң тағдыры жа­йында ой-толғамдарын жеткiзiп, келелi ойларымен бөлiстi.

13Асылы Осман – қазақ тiлiнiң жана­шыры, қоғам қайраткерi, педагог, сонымен қатар осы Қыздар университетiнiң түлегi. Оқу орда­сын­дағы өзiнiң болашақ iзбасар қа­ракөз сiңлiлерiмен жүз­десе отырып, мемлекеттiк тiлдiң қазақ жерiнде тұрып жатқан өзге этностардың ортақ тiлi, барша ұлыстың бiрлiгiнiң кепiлi болуы керектiгiн жеткiздi.

– 90-жылдардың басында қазақ тiлi – мемлекеттiк тiл, оның орны, қадiрi, маңызы жайында көп жаздық, талқыладық, тiл үшiн күрестiк. Қазiргi таңда сол кездегi қарқын азайып қалды. Дегенмен де жағдай өзгерiп келедi. Барша­мыз бас қосып, қазақ тiлiнде пiкiр алмасып, қазақ тiлiнде құжат та дайындайтын жағдайға жеттiк, – деп сөз бастады Асылы Осман. – Барлығымыз да қазақтың қасиеттi жерiнде мекен етемiз. Осы шаңы­рақ бәрiмiзге ортақ деп айтып жатамыз, алайда, «тiл – ортақ» деп айтпаймыз. Мiне, бiзге осы мәселенi көтеру керек. Тiл ортақ болмай, қоғам бiрiкпейдi. Сондай-ақ, Тiлдер туралы қолда­ныстағы заңды дұрыс орындамай отырмыз. Ресми тiл – орыс тiлi дамып жа­тыр, кең қолда­ныс­та. Әр ұлт өз тiлiн дамытып отыр, ешкiм қыс­паққа алып отырған жоқ. Алайда, «Мемлекеттiк тiл – қа­зақ тiлi» де­ген тармақты кешеуiл­детiп, кен­же­летiп отырмыз, – дедi ол.

Осындай өзектi мәселенi орта­ға салған тiл жанашыры Елба­сы Н.На­зарбаевтың Қазақ­стан­ның болашағы үшiн, ел бiрлiгi үшiн атқарып жат­қан жұмыс­тарына риза­шылығын бiлдiрiп, осы мақ­сатта заңды орын­дап, тiлдi дамыту керектiгiне тоқ­талды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *