«Қазақтың» 30-жеңісі

1814Елбасы кәсіпқой рингте 30-жеңіске жеткен Әлем чемпионы Геннадий Головкинді құттықтады

Кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы Геннадий Головкин Нью-Йоркте өзінің Әлем чемпионы атағын 11-рет қорғады. Кәсіпқой бокстағы 30-жекпе жегін австралиялық Дэниэл Гилге қарсы өткізген Гена үшінші раундта қар­сыласын нокаутқа жіберді. Чемпион кәсіпқой рингте 30-жеңісінің 27-сін нокаутпен жеңіп отыр. 

Әр жекпе-жегіне зерленген шапан киіп шығатын «қазақ» Головкин бұл жолы да дәстүрінен жаңылмады. ҚР «Астана» президенттік кәсіпқой спорт клубының мүшесі Г.Головкин кезекті рет қазақтың көк байрағын желбіретті.

Жалпы, жекпе-жек барысында Нью-Йорктің ортасындағы атақты Мэдисон-Сквер-Гарден аренасында қазақстандық символдар тамаша көрініс алып тұрды. «ЕХРО – 2017 – Астана» «Цеснабанк» жарнамалары мен желбіреген көк байрақ, чемпионның киген қазақы шапаны мақтаныш сезімін ұялатқаны рас.

1815Кәсіпқой бокстан WBA, ІBO тұжырымдамалары бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкинге бүгінгі таңда орта салмақта қарсылас табылмай тұр. Мамандар Головкинді атақты Мұхамед Әлимен қатар қойып отыр бүгінде.

Ешбір қарсыласын 12 раундтық жекпе-жектің 6 раундтан асырмаған чемпионға жуық арада қарсылас табылмаса, Гена ауырлау салмақ категориясына ауысуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, Головкин жұдырық соққысының күшін әлі де 100 пайызға пайдаланбапты. Яғни, орта салмақтағы чемпионның соққы күші ауыр салмақтылардан кем емес дейді.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назар­баев Нью-Йорктегі жеңісінен соң Әлем чемпионы Геннадий Головкинге құттықтау жіберді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *