ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУ ЖҰМЫСЫН КҮШЕЙТУІМІЗ КЕРЕК

Владимир БОЖКО,

Мәжілістің вице-спикері:

– Біз ассамблеяның жұмысына қазақ зиялыларын, қазақ жастарын тартуымыз керек. Бірлік пен келісімді ту етіп келеміз. Мемлекетті құраушы ұлт (қазақ деп түсініңіз) екенін дұрыс түсініп отырмыз. Соңғы оқиғаларды сараптай отырып, жастарды, қазақ зиялыларын белсенді түрде Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысына жұмылдыруға тиіспіз. «Қазақстанның 100 жаңа есіміне» енген мықты азаматтар баршылық. Жетістікке жеткен азаматтарды ассамблеяның жұмысына араластыру керек. Біз қазақ тілін үйрету жұмысын күшейтуіміз керек. Әсіресе, жастар арасында. Қазақ тілін білетін жастар флагман, үлгі болып, осы бағытта жұмыс жүргізуіміз керек. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Біздің бәріміз қазақ тілінің әлеуметтік, экономикалық лифтке айналғанын түсінуіміз керек.

 

(«AІQYN» газеті, №93, 15.06.2019).

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *