«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауы

Биылғы жылдың наурызынан шілде айына дейін Алматы қаласында респуб­ликалық көрме аясында «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» қалалық байқауы өткізіледі.

Байқаудың мақсаттары:

1)      Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын үздік бастамалық әлеуметтік жобаларды анықтау;

2)      Ұсынылған әлеуметтік жобаларда пайдаланылатын озық тәжірибені кеңінен тарату;

3)      Шұғыл әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекет, азаматтық қоғам, бизнес және азаматтардың күш-жігерін біріктіру.

Үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу келесі бағыттар бойынша жүзеге асыры­лады:

— әлеуметтік өзекті мәселелерді шешуге ақпараттық қолдау;

— әлеуметтік саладағы  волонтерлік жұмыс;

— тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;

— азаматтарды, оның ішінде мүге­дектерді жұмысқа орналастыруға жәрдем­десу;

— қиын өмірлік жағдайларға душар болған жандарға (адам саудасының құрбандарына, тұрмыстық зорлық-зом­былық көргендерге, баспанасыз қалған­дарға, бас бостандығынан айыру орын­дарынан жазаларын өтеп  келген­дерге  және т.б.) стресті  жеңуге көмектесу.

Халықтың әлеуметтік осал топтары­ның, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндігі шектеулі адамдар­дың өмір сүру деңгейін көтеруге бағыт­талған бұл әлеуметтік жобаларға  қоғам­дық бірлестіктер, мүгедектер ұйымдары, өзге де мекемелер және ведомстволар, жеке тұлғалар және басқа да үкіметтік емес, коммерциялық емес  ұйымдар қатыса алады. Байқау  өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көрсеті­летін қызметтерді қоса алғанда, шұғыл әлеуметтік мәселелерді шешуге бағыт­талған әлеуметтік жобаларды қолдау үшін өткізілуде.

Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқар­масы қоғамдық бірлестіктерді, мүгедектер ұйымдарын «Қазақстанның үздік әлеу­меттік жобалары» қалалық байқауына қатысуға шақырады.

Байқау  жеңімпаздары дипломмен, сыйлықтармен марапатталып, республи­калық  байқауға жолдама алады.

Байқауға  қатысу үшін өтінімдер  2018 жылдың 30 шілдесіне  дейін мына мекен-жай бойынша қабылданады:  Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 122, кабинеттер: 204, 209,  байланыс теле­фондары: 261-68-40, 272-78-92, факс 261-87-17, электронды пошта: zan_іnv@ maіl.ru

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма күн­дері сағат  9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс: 13.00-ден 14.00-ге дейін,  сенбі-жексенбі демалыс.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close