ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨЗ КӨЛІГІН ТІЗГІНДЕГІМ КЕЛЕДІ

Елімізде автокөлік шығаратын отандық бренд неге жоқ? Осы сұрақ төңірегінде біраз ойландым.

Елімізде өзге елдердің авто­көліктері жиналатыны рас. Жеңіл және ауыр көлік құрыл­ғыларын жасап шығаратын, құрасты­ратын бірнеше  зауыт­тар да жұмыс істейді. Олардың қатарында «KІA», «S’KODA», «TALGO», «KAMAZ» т.б. бар. «KІA» және «S’KODA» автокө­ліктері Өскемен қаласында орналасқан «АЗИЯ АВТО» зауытында жиналады. Көлік­терді құрастыру арқылы жеткі­лікті тәжірибе жинаған маман­дарды біріктіре отырып біздің ел неге өз автокөлігін шығар­мас­қа? Мәселен, Қостанай қала­сын­дағы «АЗИЯ АВТО» зауы­тының филиалында жиналған корейлік «SSANG YONG» авто­көліктері бәрімізге белгілі немістің «MER­CEDES-BENZ» автокөліктерінің техникалық жабдықтары арқылы жиналады. Тіпті, автокөлік шығарудан алдына жан салмайтын жапондықтардың өзі «DATSUN ON-DO», «MІ-DO» автокөліктері ресейлік «LADA» автокөліктерінің базасында құралған.  Осы ретте біздің мемлекет те өз жас мамандарын жұмылдырып, фантазиясы тұнып тұрған жас дизайнер мамандары арқылы автокөлік макетін салып, әйгілі автоконцерндермен техникалық жабдық алуға келісім-шартқа отырып, таза отандық бренд шығарса деген ой келеді. Өзге елден келген жүрілген көліктерден гөрі жаңадан жасалған қазақстандық брендті өз басым тізгіндеуге дайынмын.

Дастан АМАНҚҰЛОВ,

«Тұран» университетінің 2-курс студенті.

 

Енді жүргізуші куәлігін Ішкі істер министрлігі бермейді

Үстіміздегі жылдың 1 шілде­сінен бастап жүргізуші куәлігін Ішкі істер министрлігі бермейді. Қызметтің бұл түрімен Мамандан­дырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары айналысатын болады. Соған сай көлікті тіркеу, құжат­тарды рәсімдеу және автокөліктерге мемлекеттік нөмір алуға құжат­тарды Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында қабылдайды.

Бүгінде жол қозғалысы ереже­сінен теориялық және практикалық емтихандарды полиция қызметкер­лері қабылдайды. Енді 1 шілдеден бастап жүргізуші куәлігін алушы­лар тапсыратын бұл теориялық және практикалық емтихандарды қабылдау ісі де Халыққа қызмет көрсету орталығына жүктеледі.

– Республика бойынша жылы­на бір миллионнан астам көлік тіркеледі. Ал оларды тіркеу үшін ұзын-сонар кезек күтуге тура келеді. Міне, осылардың барлығын ескере келіп, сонымен қатар, емтихан-тіркеу бөлімдеріндегі сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу үшін бұдан былай емти­хан тіркеу бөліністерін таратуды жөн деп шештік. Бұл Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың шешімі, – дейді ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз.

Құжаттарды тексеру полиция қызметкерлері арасында автоматты түрде жүргізіледі. Бұл адам факто­рын жоюға септігін тигізеді екен. Сонымен қатар, көлік құралдарын бірінші тіркеу кезінде тексеру шараларынан да толықтай бас тар­ту көзделіп отыр. Ал Маман­дан­дырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жоқ қалалар­да тіркеу-емтихан қызметін қара­пайым орталықтар атқаратын бола­ды.

 

Айкерім РАЙЫСҚЫЗЫ.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *