Қазақстанның үш қаласында жаппай велошеру өтті

img_1147

9-шы қазан күні Алматы, Орал және Шымкент қалаларында «Bolashak Bike Ride» жаппай велошеруі өтті. Алматы қаласында өткен велошеруге 1000-нан астам адам қатысты және құнды сыйлықтар ойнатылды. Сыйлықтар ішінде велосипедтер де болды. Жаппай велошеру басталар алдында Алматы қаласы бойынша «Болашақ» Қауымдастығының директоры Қымбат Бейсекина алғы сөз сөйледі. Жоба барысында дәрігерлер велошеру қатысушыларына тегін кеңестер берді.

Велошеру «Нұрлы-Тау» бизнес орталығынан басталды, осы жерден бастап қатысушылар Сейфуллин көшесінің қиылысына дейін жүріп барды. Осы көше бойымен қатысушылар Сатпаев көшесіне дейін түсті, содан кейін Гагарин көшесіне дейін жетіп және Абай даңғылына шықты. Велосипедшілер Республика Сарайының алаңында мәреге жетті. Бұл шара Алматы қаласы әкімдігінің, оның ішінде Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өтті. Бұл жарыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және «Болашақ» Қауымдастығының 15 жылдығына арналған «25 қайырымды іс» жобасы аясында өтті.

Ұйымдастырушылар және серіктестіктер: «Болашақ» Қауымдастығы, Алматы, Шымкент және Орал қалаларының әкімшіліктері.

Демеуші: «Нұрбанк» АҚ.

Анықтама:

«Болашақ» Қауымдастығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай, бірнеше іс-шараларды біріктірген «25 қайырымды іс» жобасын жүзеге асыруда. Қайырымды істер бір жобаға біріктіріліп, келесідей салаларды қамтуда: жастар кәсіпкерлігін дамыту, қоршаған ортаны қорғау, білім беру акциялары, әлеуметтік қолдау, салауатты өмір салты, дене шынықтыру және спортты насихаттау т.б.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *