«Қазақстанның Еңбек Ері» аударыла ма?

Құрметті редакция!

Мені мынадай бір мәселе ойландырған соң, өздеріңізбен ақылдасу ретінде хат жолдап отырмын. Кеңес өкіметі тұсында екі тіл емес, негізінен бір тіл үстемдік еткені айдай ақиқат. Жазатайым бір қазақша сөз айтыла қалса, орысшасы міндетті түрде айтылатын.

Мәселен, атаққа байланысты дейік. Айталық, Қазақ­станның халық артисі – Народный артист Казахстана деп те жазылатын және айтылатын. Бүгін де солай. Ал енді қазір өз алдына дербес ел болған кезде сол атақтардың өзге тілде айтылуы не хабарлануы дұрыс па? Осының бәрін бір ізге түсіретін арнайы нормативтік құжаттар бар ма, жоқ па? Кейде байқаймыз, президенттерді күтіп алған әскери қарауылдарда, әскерде қазақша бұйрық, команда беріледі.

Қысқасы, мерзімді басылымдарда Қазақстанның Еңбек Ері деген атақ орыстілді басылымдарда Герой труда Казахстана деп жазылады. Мен өзім соны бірнеше мәрте оқыдым, телеарналардан бірнеше мәрте естідім. Былай қарасаң екі атақ бар тәрізді. Сондықтан тәуелсіз ел болғаннан кейін оның ең жоғары атағының атауы бір тілде болғаны дұрыс шығар деп ойлаймын. Бұл ешқандай халықаралық нормаларға қайшы келмейді деп білемін.

 Ә.СӘБИТОВ.

«Қалқаман-2» ықшамауданы.  

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *