Қазақстандықтар жинақтаушы зейнетақы қорынан кіріс алатын болады

562Ел азаматтары өздерінің жинақтаушы қорынан қосымша үстеме (дивидент) алатынын күні кеше Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті. Алдағы мамыр айында зейнетақы жүйесін басқарудың жаңа концепциясы бекітілген кезде зейнетақы қорындағы қаржы үш бағытта артатын болады.

Еліміздің бас банкирі бұрынғы зейнетақы жүйесі өзінің тиімділігін көрсете алмағанын алға тартты. Соңғы жылдар бедерінде жекелеген қорлар инвестициялық табысты өз мақсатына пайдаланудың нешеме құйтырқы амалдарын ойластырып келді. Біраз мекеме, ұйымдарда ондай табыс төмен дәрежеде болса, кейбірінде жоққа тән болып шықты. Ұлттық банк деректері бойынша, жинақталған қаржы көлемінің 75 пайызы мемлекеттік құнды қағаз түрінде құйылып, ол өзінің бағасын төмендетіп жіберген. Орта есеппен барлық зейнетақы қорлары – жеке және бұрынғы мемлекеттік зейнетақы қорларының табысы іс жүзінде ақшаның құнсыздану деңгейінен екі есеге төмен болған. Жеке қорларға салған зейнетақы жинақтаушы қорындағы кіріс көлемі 3 пайыз болса, теңгенің құнсыздануы 6 пайызды құрады.

Барлық жеке қорларды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына біріктірген кезде ел азаматтарының зейнетақы қорындағы қаржысы 4 триллион теңгені құрады. Қазіргі таңда қаржыгерлер жаңадан күшіне енетін зейнетақы концепциясы жүйесі активтерін есептеуге кірісті. Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтің мәлімдеуінше, бағалы қағаздар, ұлттық компания акциялары, сондай-ақ, ұзақ мерзімдік қаржы салымдары едәуір кіріс алып келетін болады. Зейнетақы активтері салынатын банктерді іріктеу жұмысы өте мұқияттылықты талап етеді. Жоғары түсім алып келетін банктер бәсекелестікке түсіп, ашық аукционда өзін көрсете алғаны ғаны сенімге ие болады. Еліміздегі ең ірі он банк бағын сынамақ. Оларға қойылатын басты талап – «құнсыздануға қосымша» болмақ. Осы жаңа жүйе іске асқанда қазақстандықтар өздерінің жинақтаушы зейнетақы қорына аударған қаржысынан жақсы кіріс алатынын Қайрат Келімбетов ашып айтып отыр.

Теңге бағамының құнсыздануына байланысты Елбасы қол қойған заңнамалық түзетулерде Қазақстанда 2014 жылдың 1 сәуірінен зейнетақы мен әлеуметтік төлемақы көлемі ұлғайтылған болатын. Осы теңгенің құнсыздануы жинақтаушы зейнетақы қорына қаржы аударған азаматтардың салымына кері әсер еткені белгілі. Зейнеткерлікке шыққанда ұзақ жыл аударып келген қордағы қаржы бағамының бірден төмендеп кетуі салымшыларға кері әсер еткен еді.

Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтің жеке қорлардан біріктірілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы активтерді басқарудың жаңа жүйесі іске асқан жағдайда алдағы кезде зейнеткерлікке шығатын азаматтардың ұзақ жыл аударған салымдары құнсызданбайтын болады.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close