Қазақстандықтар Еуропада озық шықты

ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері қоян-қолтық жекпе-жек Еуропа чемпионы атанды

Мамыр айының 24–26-сы күндері Беларусь Республикасының астанасы Минск қаласында қоян-қолтық жекпе-жектен Ашық Еуропа чемпионаты өтті.

Жарысқа 26 мемлекеттен келген 178 спортшы қатысты. Олардың қатарында Қазақстан Республи­касының ұлттық құрама командасы да бар. Екі күнге созылған жарыстың нәтижесінде Қазақ­стан құрама командасы 2 алтын, 1 күміс және 10 қола медальді қанжығасына байлады. Команда қоржынын бірінші алтынмен толтырған спортшының бірі – 90 келіден астам салмақ дәрежесі бойынша күш сынасқан ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкері Данияр Үстембаев болды. Құрама коман­даның тағы бір мүшесі ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің алматылық департа­ментінің қызметкері Дәулет Имаханов та жеңіс тұғырынан көрініп, қола медальдің иегері атанды.

 

Нұр ҚАЙЫР.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *