«Қазақстандықтарға» мың алғыс!

Сәулетті ару қала Алматының қақ ортасында көркіне көз тоймайтын «Қазақстан» шипажай демалыс орны бар. Мұнда еліміздің әр қиырынан келіп емделіп, тынығушылар ағыл-тегіл. Келгендердің көңілі толып, көзі де тойып жатады.

Шипажай үйінің айналасы сан алуан гүлдермен көмкерілген. Мұнда дәрігерлер қабылдау, емдеу орындарында халыққа мінсіз қызмет көрсетеді. Мұнда алғаш келгенде қабылдаушы Бибігүл Қырықбаева құжаттарды бірден қабылдап, барлық жағдайды түсіндіріп, бағыт-бағдар сілтейді. Содан соң кіршіксіз, мұнтаздай таза бөлмеге келіп орналасасың. Дәрігер Әзімбекова Гүлвира Бақытқызы алдын ала дәрігерлік тексеруден өткізеді. Түрлі ем қабылдау орындарын­дағы мейірбике қызметшілер Л.Тілешова, Л.Қама­шова, Клара Тұрысбекова, Г.Баймұха­нова, Г.Далиева, Алиасқарова, Назира Абдусалимовалар да мінсіз қызмет көрсетеді. Түрді емдеу шараларын уақы­тында белгіленеді. «Ас – адамның арқауы» десек, мұндағы асхана меңгерушісі Алтаева Көркем Қынабайқы­зының дәм-ауқатын ұмыта алмайсың. Әр тағам түрлері тіл үйіреді,  сондай дәмді. Шипажайға келген­дер мұндағы қызмет көр­сетушілерге дән риза. Алғыс­пен қимай-қимай қоштасып жатады. «Тағы да келіп тұрыңыз» деп олар да ерекше ілтипат көрсетеді. Ал халқымыз «Алтын алма, алғыс ал» дейді. Сол көптің алғысына бөленіп жүрген «Қазақстан» шипажайының қызметкерлеріне еңбектеріңіз жемісті болсын дей отырып, сол алғысымызды алыстан Алматы қала­сының бас басылымы «Алматы ақшамы» арқылы жолдап отырмыз.

Бегалы ҚУАНБАЙҰЛЫ,

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы,

Шетпе селосы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *