ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНІМ ӨЗ НАРЫҒЫМЫЗДА

«Шин-Лайн» компаниясы Magnum серіктестерінің І конгресінің финалисі болды

Қазақстанның ірі көтерме-бөлшек сауда желісі Magnum бағалауына сәйкес, Bahroma балмұздағы «Үздік жаңалық–2019» деп танылды. Ал өндіруші компания «Шин-Лайн» «Санатты дамытуға қосқан үлесі–2019 үшін» атауымен марапатталды. Бұл туралы Алматыда өткен Magnum серіктестерінің жыл сайынғы І конгресінде белгілі болды.

Бүгінгі күні «Шин-Лайн» республи­ка­ның барлық аймақтарында жұмыс істейтін және барлық сауда желілерінің алаңдарында өнімін ұсынатын Қазақ­стандағы жалғыз балмұздақ өндіруші болып табылады. Соңғы жылдары ком­пания қазақстандық балмұздақ экспор­тын тұрақты дамытуда. Салалық құры­лысқа белсене қатыса отырып, Қазақ­станның Сүт одағы мен Ресейдің балмұз­дақ одағы мүшелерінің құрамына кіреді.

– Бүгінгі жетістік бірінші кезекте компания өнімінің сапасымен және «Шин-Лайн» балмұздағын сатып алып, өз таңдауын жасаған тұтынушылардың сенімімен тікелей байланысты. Балмұз­дақ – қызықты бизнес,мұнда жыл сайын тұтынушыларды таң қалдырып отыру керек. Бірегей өндіріс технологиясы бар жоғары сапалы жаңа өнімдерді әзірлеуге инвестиция бізге тұтынушылардың жүрегіне жол табуға мүмкіндік берді, – дейді компанияның бас директоры Владимир Пак.

Magnum серіктестерінің І жыл сайынғы Конгресі отандық кәсіпкерлікті қолдау, ынтымақтастықты кеңейту және бизнестің ашықтығын арттыру мақса­тында өткізілді. Конгреске 1500-ден астам компания өкілдері қатысты.

 

Нұр. ҚАЙЫР.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close