ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНІМ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАРЫҚТА

«Шин-Лайн» компаниясы Қазақстандағы балмұздақ маусымының алдын ала қорытындысын шығарды

Нұрлан СҮЙІН

2019 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, компанияда өсім бар. «Шин-Лайн» балмұздағының сатылымы табиғи сипатта 20%-ға артқан және қаржылай түрде 30%-ға өсті. Сонымен қатар, «Шин-Лайн» балмұздағының экспорты қаржылай тұрғыда 2,23 есеге артты. Ал компанияның кірістер құрылымындағы экспорт үлесі 7%-дан 12%-ға дейін өсті. Жалпы, республикада балмұздақ және мұздатылған десерттер санатында тұтынудың өсуі компанияда бұрынғы деңгейде жылына 3%-ға бағаланады. «Шин-Лайн» компаниясы үшін 2019 жылғы маусым өнімді экспорттау және жыл сайын нарыққа жаңа өнімдерді шығару есебінен сату географиясын кеңейтуді таңдау стратегиясының дұрыстығын көрсетті. Компанияның экспорттық бағытының көшбасшысы болып «Бахрома» премиалды өнімімен Ресей танылуда, ал Қазақстандағы сатылым бестселлері бұрынғысынша, ең танымал «Бомба» бренді болып табылады.

Қазақстандағы өсім көшбасшысы осы маусымда ірі сауда желілері арқылы 2/3 сатуды қамтамасыз ететін Алматы қаласы болды. Сондай-ақ, жекелеген өңірлерде сатылым озыңқы қарқынмен өсті. Атап айтқанда, Қарағандыда – 27%, Көкшетауда – 24%, ал Ақтауда бірден 59%-ға өсті.  Ең танымал мұздатылған тәттілерге келетін болсақ, 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, 2018 жылдың 7 айында «Бахрома»  балмұздағының сатылымы – 137%, «Бәйтерек» – 63%, «Мишка на полюсе» – 51%, «Джусики» – 39%, «Миша» – 27%-ға өсімді құрады.

Шин-Лайн үшін экспорттық жеткізілімдердің даму тарихы өзінің бірегей тәжірибесін жинақтап, 2017 жылдан бастап белсенді түрде дами бастады. Компания қазақстандық балмұздақтың шетелдік нарықтарға алғашқы және жалғыз экспорттаушысы болып табылады. 2018 жылдан бастап Қытайға жол ашылды. Бүгінде қазақстандық балмұздақ 8 елге жеткізіледі: Ресей, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Белоруссия, Қытай.

– Ресей нарығы компанияның барлық экспорттық нарықтары арасында көшбасшы болып қала береді. Бұл елге зкспорт табиғи мәнде 40%-ға және ақшалай мәнде 50%-ға ұлғайды. Бұл жоғары бәсекелі нарық және бұл «Шин-Лайн» балмұздағының сапасы мен дәмін ресейлік тұтынушылар лайықты бағалағанын білдіреді. Қазақстандағы балмұздақты сату көшбасшылары компанияның «визит картасы» – «Бомба» бренді шығыс тәттілерінің күрделі құрылымы мен дәмі бар бірегей балмұздақ «Бахрома» және пломбирлер отбасындағы ең үздік өкілдердің бірі – «Мишка на полюсе», – деді «Шин-Лайн» компаниясы балмұздақ санатының директоры Дмитрий Докин.

«Шин-Лайн» жаңа дистрибуторларды ынтымақтастыққа тарта отырып, Қытайда өз өнімдерінің ұсынылуын кеңейтуді жалғастыруда. Аспан астындағы елдегі он-лайн сату мүмкіндіктерін тестілеу басталды. Бұл  басқа елдерде де енгізілетін жаңа және қызықты тәжірибе.

Компания Өзбекстан нарығында «Шин-Лайн» өнімдерін сатудың табиғи және ақшалай мәнде 280% өскенін көрсетіп, үздік нәтижелерге қол жеткізді. Қырғызстанда есепті кезеңде табиғи мәнде 54% және ақшалай мәнде 73% өсім байқалды. Монғолияның нарығы шамамен 25% өсу перспективасымен тұрақты сатуларды көрсетеді.

Биылғы маусымда «Шин-Лайн» балмұздағын тұтынушылар Беларусь, Әзербайжан, Тәжікстан сияқты нарықтарда оң қабылдады. Белоруссияда «Бахрома» балмұздағы жергілікті тұтынушыларды өзінің экзотикалық және қайталанбас талғамымен таңқалдырды. Тұтынушылар талғамына сәйкес ең қызықты және отандық өнімнің алуан түрлілігінде құрамы бай ретінде ерекшелінді. Айта кету керек, «Бахрома» балмұздағы — бұл Беларусь нарығындағы Қазақстанның алғашқы өнімдерінің бірі. «Шин-Лайн» компаниясы Минскінің негізгі сауда желілеріне кіріп, 35 тоннадан астам өнімді сатты, келесі маусымнан бастап өнімді өңірлерге ұсынуды жоспарлап отыр. Украинада оның орталық бөлігінде және Одесса облысында сатуды бастау мүмкіндігі қарастырылуда. Бұдан басқа, келесі жылы перспективалы сату жөнінде грузиялық серіктестермен келіссөздер жалғасуда.

«Біз Әзербайжан мен Тәжікстан нарықтарындағы перспективаларды жақсы бағалаймыз. «Мишка на полюсе» брендінің өнімдері Ресей, Беларусь және Украинадаға барлық Пломбирлердің тамаша баламасы болып отыр. Әрине, мұнда бірнеше ел арқылы транзит немесе Каспий теңізімен өту сынды логистиканың қиындықтары бар, бірақ біз осы нарыққа оптимизммен қараймыз. Тәжікстан жақын, бірақ нарықтық дамудың мүлдем басқа деңгейде – сондықтан біз әр ұлттық тұтынушының кілтін іздейміз», – деп атап өтті Дмитрий Докин.

Биыл «Шин-Лайн» компаниясы дәстүрлі түрде нарыққа жаңа өнімдерді шығарды. «Бахрома» сериясында қалың fondant трюфель-қызыл апельсин және қалың fondant пісте-финик пайда болды.

Еуромонитордың мәліметтері бойынша Қазақстандағы балмұздақ нарығы 84 млрд. теңгеге немесе 34 мың тоннаға бағаланады. «Шин-Лайн» компаниясы Қазақстандағы 35% үлесі бар балмұздақ нарығының көшбасшысы болып қала береді. Компания экспортты одан әрі арттыру, Қазақстан және басқа да елдер тұтынушыларының сұранысын барлық жаңа дәмдерге қарай қанағаттандыру стратегиясын және инновациялық, тек сапалы шешімдерді ұсыну ниетін растайды.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close