Қазақстанда үш жаңа әдет челленджі іске қосылды

Қазақстанда үш жаңа әдет челленджі іске қосылды. «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Facebook желісіндегі тікелей эфир барысында пандемияға қарсы күресте әр адам үлесінің маңызын атап өтті.

«Коронавирус өзінің қауіптілігін көрсетті. Денсаулық сақтау саласындағы сарапшылардың айтуынша, небәрі 30% ғана медицинаның дайындығына байланысты. Қалған профилактиканың 70%-ы азаматтардың өз қолында, бұл дегеніміз қауіпсіздік шараларын сақтау – маска кию, әлеуметтік қашықтық және қол жуу. Осыдан он күн бұрын #3zhanaádet, #3новые привычки жалпыұлттық челленджін іске қостық. Әріптестеріміз, кәсіпкерлердің бәрінде әлеуметтік желілерде аккаунттары бар. Өз аккаунттарыңыз бен шығарылып жатқан өнім арқылы жаңа әдеттерді бойға сіңіруге үндейтін стикерлерді орналастыруға шақырамыз. Барлық кеңселерде, дүкендер, дәріханаларға барар жолда стикерлер көрінсін. Осы үш жаңа әдетке үндеуді көзіміз шалсын. Жаңа аптадан бастап жаңа әдеттерді насихаттауды жаңа күшпен жалғастырамыз. Қара індетке жауабымыз үш жаңа әдет», – дейді Абылай Мырзахметов.

#3жаңаәдет челленджі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен халық және бизнес өкілдерінің арасында санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтықты сақтауды насихаттау мақсатында шілде айының ортасында қолға алынды.

Челленджге белгілі спортшылар, журналистер, блогерлер мен шоу-бизнес өкілдері қолдау көрсетті, олардың қатарында Серік Сапиев, Қымбат Досжан, Ғалым Байтұқ, Қайрат Әділгерей, саясаткер Ерлан Сайыров, сондай-ақ кәсіпкерлер мен Палата қызметкерлері бар.

Кәсіпкерлер аталған әлеуметтік марафонға қатысып қана қоймай, сондай-ақ өз ресурстарын қолданып жатыр. 23 шілдеде солтүстік өңірдің дүкен сөрелерінде азаматтарды маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, қолды жиі жуып тұруға шақыратын стикер жапсырылған жұмыртқа қораптары пайда болды.
#3жаңаәдет жалпыұлттық челленджін «Фирма Алекри» ЖШС фабрикасы қолдады. Ақпараттық жапсырмалары бар өнім «Семейный» супермаркеттері желісінде сатылымға шықты.

«Біз қашанда салауатты өмір салтын қолдаймыз. Ал қазіргі жағдайда денсаулығымыз, бүкіл адамзат саулығы, демек экономиканың дамуы мәселесі бірінші кезекте тұрған шақта мұндай профилактикалық шаралар ешқашан артық болмайды. Осы әдеттер бойға неғұрлым тез сіңсе, қалыпты өмірге соғұрлым тез ораламыз. Сондықтан барша адамды қоғамдық орындарда маска кию, екі метрдей ара қашықтық сақтау, қолды сабынмен жуып тұру сынды қарапайым қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырамын. Сонымен қатар әріптестерімді, кәсіпкерлерді осы акцияға атсалысуға шақырамын», – дейді «Фирма Алекри» ЖШС директоры Александр Прядко.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close