ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА БЕЛЕСТЕРДІ БАҒЫНДЫРУ ЖОЛЫНДА

Адам табиғатынан әрқашан өз өмірінде өзгерістер күтеді. Бұл оның табиғи қажеттілігі. 

Жолдауды алғаш оқыған кезде оның негізгі ережелері бұрын да жүргізілген саясаттың жалғасы екендігіне көзіміз жетті. Ол биліктің сабақтастығын көрсетеді.

Негізгі бағыт әлеуметтік мәселе­лерді, оның ішінде халықтың әл-ауқа­тын жақсартуға, халықтың өмір сүру сапасын көтеруге, әлеуметтік инфра­құрылымды жетілдіруге, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған. Яғни бұл Тұңғыш Президентіміз, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев белгілеген бағыттың қисынды жалғасы.

Әрине, Президенттің Жолдауы – бұл белгілі бір стратегиялық көзқарас, елдің алдағы даму жолының бағыт-бағдары. Онда Мемлекет басшысының елдің одан әрі дамуына қатысты жеке көзқарасы белгіленген. Президент Жолдауда: «Біздің ортақ міндетіміз – аза­маттардың барлық сындарлы сауал­дарына жедел және тиімді жауап беретін  «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру» керек­тігін ерекше атап өтті.

Ары қарай билік пен қоғамның тұрақты диалогы арқылы қазіргі геосаясаттың контекстіне енгізілген үйлесімді мемлекет құруға болатынын айтты. Сондықтан азаматтық қоғамды қолдау және нығайту, оны шешу мақса­тында неғұрлым өзекті жалпымем­лекеттік міндеттерді талқылауға тарту керек. Осы мақсатта тікелей Мемлекет басшысының тапсырмасымен өз құрамы бойынша ротациялық принциппен жұмыс істейтін қоғамдық сенімнің өкілетті Ұлттық кеңесі құрылды.

Жолдауда айтылғандай, митингілер туралы заңнаманы да жетілдіру көзделуде. Енді егер бұл акциялар заңды бұзу мен азаматтардың тыныштығын бұзу мақсатын көздемеген жағдайда, онда билік оларды өткізуге және заңмен белгіленген тәртіпте кедергі келтір­мейтін болады, оларды өткізуге рұқсат береді, ол үшін арнайы орындар бөледі. Ендігі міндет біздің ойымызша, халық арасында өздерінің пікірлері мен осы митингтердегі билікке қойылатын талап­тарды білдіру мәдениетін қалып­тастыру болып табылады.

Жолдаудың тағы бір жаңалығы ретінде микробизнес және «инклюзивті экономика» сияқты ұғымдардың ресми саяси риторикасын айналымға енгізу болып табылады. Осы уақытқа дейін біз, әдетте, шағын, орта және ірі бизнес туралы айттық. Енді аталған нысандарға микробизнес қосылады. Бұл дегеніміз шағын, аз мөлшердегі отбасылық биз­нестің мақсат-мүддесін көрсетеді. Осы орайда Жолдауда әлеуметтік аспекті­лерге баса назар аудара отырып, отба­сылық бизнес құру, бірінші кезекте көп­балалы және аз қамтылған отба­сылар үшін бизнесті қолдаудың жаңа нысандарын белсенді енгізу.

Инклюзивті экономика туралы айта келе, Рокфеллер қорының аталған экономиканың теориялық және практикалық мәселелерін әзірлеумен айналысатын мамандары инклюзивті экономиканың бес сипатын: халықтың қатысуы, тең құқылық, өсу, тұрақты­лық және орнықтылық беретіндігін атап өткен жөн. Әлемдік қоғам наза­рының басты нысаны инклюзивтілік болып табылады. Дүниежүзілік эконо­микалық форумның «Инклюзивті өсу және даму–2017» баяндамасында «бүкіл әлемде қоғамның экономикалық өсудің артықшылықтары мен процестің қоғамдық қатысуын кеңеюіне қатысты көшбасшыларды толғандыратын үлкен мәселе жоқ» деп арнайы атап көрсе­тілген. Ұлттық экономиканы инклюзив­тендірудің әлемдік рейтингі құрылып, құрамына 2017 жылы 109 ел еніп, алғаш­қы үш орынды Норвегия, Люксембург және Швейцария иеленді. Өкінішке орай, Қазақстан бұл рейтингтегі елдер­дің қатарына кірмейді және бұл біздің инклюзивті экономика процесінің маңыздылығын дұрыс бағаламайтын­дығымыздың дәлелі.

Университетіміздің Экономика және бизнес жоғары мектебінде Қазақ­станның инклюзивті экономикасының ғылыми мәселелері бойынша ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Алайда, бұл елдегі ғылыми ойдың катализаторы бола алмады. Біздің ойымызша, отандық экономистер өз зерттеулерінде инклю­зивті құбылысқа жеткіліксіз назар аударуда. Біздің міндетіміз – инклю­зивті экономика теориясы мен практи­касын тереңірек зерттеу болып табы­лады. Бұл экономистер мен зерттеу­шілер үшін Мемлекет басшысы Жол­дауының негізгі міндеттерін жүзеге асы­рудағы практикалық үлесі болуы керек.

 

Жұмабек ТҰМБАЙ,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті,

Гүлмира ҒАЛЫМҚЫЗЫ,

Менеджмент кафедрасының оқытушысы.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *