Қазақстан туралы репортаж шықты

Қазақстан Республикасының Бра­зилиядағы елшілігінің қолдауымен Бразилияның португал тілінде хабар тарататын ірі телекоммуникация компаниясы «TV Globo» телеарнасы эфиріне Қазақстан туралы бір сағаттық арнайы репортаж шықты. Бұл жобаның басты мақсаты – бразилиялық телекөрермендерді Қазақстанмен таныстыру. Халқы­мыздың мәдениеті мен салт-дәстүрін, аймақтары мен табиғатын таныс­тыру болып табылады. «Қазақстанда қазіргі заманғы тұрмыс пен көне шығыстық әдеп-ғұрыптардың үйлесуі қызығушылық тудырады. Қазақстан­ның табиғаты бай, соның арқасында мұнда экотуризм, тау шаңғысы, белсенді және жағажайлық демалыс, сондай-ақ, сауықтыру сияқты салаларды одан әрі дамытуына үлкен мүмкіншілігі бар», – деп атап өтті «TV Globo» телеарнасының тілшісі.

Көшеге Владимир Путиннің аты беріле ме?

Ресейдің Қырғызстандағы елшісі Андрей Крутько Бішкектегі бардың «Putіn Pub» деп аталғанына наразы екенін жергілікті «Вечерний Бишкек» газетінде өткен «тікелей желі» кезінде мәлімдеді. Елші ішімдік ішетін орын Ресейдің бірінші президенті Борис Ельциннің есімімен аталған болса, мекеме атауына назар аудар­масын сөз еткен. Дипломаттың пікірін­ше, барға Ресей президентінің есімін қоймай тұрып, Кремльдің хаттама қызметінен рұқсат сұрау керек еді.

Жалпы, қырғыз топонимикасына президент Владимир Путиннің аты әлдеқашан іліккен. Тянь-Шаньдегі шыңдардың біріне оның есімі қойыл­ған. Бұл бастаманы көтерген аудан­дық депутаттардың ұсыныстары заң жобасына ұласып, оны республика парламенті 2011 жылы мақұлдаған. Ол-ол ма, қырғыз режиссері Нұрлан Әбдіқадыров ел президенті Алмазбек Атамбаевқа Бішкектегі бір көшені Владимир Путиннің атымен атау жайлы ұсыныс айтқан. Бішкекте ондай көше әзірше жоқ.

Салмағы 14 келі 

Санкт-Петербор қаласында тұратын Пончик атты мысықтың салмағы күн сайын артып келеді. Бүгін­де үй жануарының салмағы 14 келіге жеткен көрінеді. Қазір бұл мысықтың қимылдауы қиындап кеткен екен.

 Құрып кетудің аз-ақ алдында тұр

Бүгінде жер бетінде өте сирек кез­десетін солтүстік ақ мүйізтұм­сықтардың небәрі алтауы ғана қалыпты. Олардың саны 1960 жылы 2 мыңға жуық болатын. Мүйізі өте бағалы болғандықтан броконьерлер оны қынадай қырып, көбеюіне мұрша бермейді. Қазір олар тұқымы тұздай құрып кетудің аз-ақ алдында тұр.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *