«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсы жарияланды

Елбасының Кітапханасы мен Қоры журналистерге арнап
«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсын жариялайды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасы мен Қоры баспа, электрондық және аудиовизуалдық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің арасында белгіленген тақырыпқа арналған үздік материалға ашық шығармашылық конкурс жариялайды.
Конкурстың мақсаты – елдің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін көрсету, Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде «Назарбаев моделін», Елбасының идеялары мен бастамаларын танымал ету.
Конкурс төрт номинация бойынша өткізіледі:
1) «Үздік теледидар материалы»;
2) «Үздік радиоматериал»;
3) «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»;
4) «Ғаламтор-БАҚ-тағы үздік жарияланым»;
5) «Ел жүрегі – Астана».
Номинациялардың әрқайсысы бойынша жеңімпаздарға 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай жүлде беріледі, ал екінші және үшінші орындар үшін тиісінше – 500 мың және 200 мың теңге беріледі. Одан басқа, барлық жүлдегерлерге дипломдар мен омырауға тағатын белгілер тапсырылады.
Конкурсқа 50 жасқа дейінгі жеке және ұжымдық авторлар қатыса алады. Жеке немесе ұжымдық автор тек бір номинация бойынша қатысуға құқылы. Соның ішінде бір тақырыппен біріктірілген материалдар циклын ұсынуға болады.
Конкурсқа 2018 жылғы 1 маусым мен 10 қазан аралығында ресми жарияланған (алғаш жарияланған, эфирге шығарылған, ғаламторда орналастырылған) бірегей материалдар қабылданады.
Конкурстың қорытындысын құрамына белгілі журналистер, Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері енген комиссиясы шығарады.
Жеңімпаздарды марапаттаудың салтанатты рәсімі Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2018 жылғы 1 маусым мен 10 қазан (қоса алғанда) аралығында келу тәртібімен немесе пошта арқылы мына мекенжайда: Z05S5X1, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Ә. Бөкейхан көшесі, 1, 213 каб., «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсына» деген белгімен қабылданады. Байланыс тел.: (7172) 69-30-54, 69-30-56, 69-30-57, 75-12-15).
Конкурсты өткізудің шарттары мен уақыты туралы барлық ақпаратпен www.presidentlibrary.kz, www.fpp.kz сайттары арқылы танысуға болады.

 

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің арасындағы «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы»
ашық шығармашылық конкурсы туралы
ЕРЕЖЕ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры баспа, электрондық және аудиовизуалдық бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі –БАҚ) қызметкерлерінің арасында белгіленген тақырыпқа арналған үздік материалға ашық шығармашылық конкурс (бұдан әрі – конкурс) жариялайды.
1.2. Конкурстың тақырыбы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының бірлескен бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.
1.3. Конкурстың мақсаты мен міндеттері:
– қазақстандық мемлекеттіліктің негізі ретіндегі «Назарбаев моделін», Елбасының идеялары мен бастамаларын дәріптеу;
– еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктерін ақпараттық-имидждік тұрғыда жария ету;
– баспа және электрондық БАҚ қызметкерлерінің өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан дамытуы мен кәсіби өсуі үшін моральдық және материалдық ынталандыру;
– журналистер қауымдастығында келешегі бар жаңа есімдерді анықтау;
– Елбасы кітапханасының архиві, кітапханасы және экспозиция қорындағы материалдарды медиа айналымға енгізу.
1.4. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1) «Үздік телевизиялық материал» (жаңалық бейнесюжеті, телеочерк, талдамалық шолу, арнайы репортаж, сұхбат, пікір білдіру, деректі фильм);
2) «Үздік радиоматериал» (радиобағдарлама, радиошолу, радиоочерк, радиоқойылым, талдамалық шолу, сұхбат);
3) «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала» (мақала, очерк, эссе, талдамалық шолу, репортаж, сұхбат);
4) «Ғаламтор-БАҚ-тағы үздік жарияланым» (ақпараттық хабарлама, талдамалық шолу, репортаж, сұхбат, шолу, эссе, очерк, рецензия);
5) «Ел жүрегі – Астана» (елорданың 20 жылдығына арналған материалдар).
1.5. Конкурстың өткізілуі туралы барлық ақпарат ұйымдастырушылар-дың www.presidentlibrary.kz,http://www.presidentfoundation.kz сайттарында жарияланады.
1.6. Қатысушыларды ақпараттық және техникалық қолдау мақсатында Кітапхананың www.presidentlibrary.kz сайтында және YouTUBE порталында (арна: ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасы) Елбасының кітапханасындағы құжаттар мен экспонаттар туралы бейнематериалдар орналастырылған.

2. НОМИНАЦИЯЛАР БОЙЫНША СЫЙАҚЫ КӨЛЕМІ

2.1. Конкурстың сыйақы қоры 8 500 000 теңгені құрайды және номинациялар бойынша төмендегідей бөлінеді:

«Үздік телевизиялық материал»
1 орын – 1 000 000 теңге;
2 орын – 500 000 теңге;
3 орын – 200 000 теңге.

«Үздік радиоматериал»
1 орын – 1 000 000 теңге;
2 орын – 500 000 теңге;
3 орын – 200 000 теңге.

«Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»
1 орын – 1 000 000 теңге;
2 орын – 500 000 теңге;
3 орын – 200 000 теңге.

«Ғаламтор-БАҚ-тағы үздік жарияланым»
1 орын – 1000 000 теңге;
2 орын – 500 000 теңге;
3 орын – 200 000 теңге.

«Ел жүрегі – Астана»
1 орын – 1000 000 теңге;
2 орын – 500 000 теңге;
3 орын – 200 000 теңге.

2.2. Жүлделі орындарды иеленген конкурсанттарға арнайы төсбелгілер, дипломдар, куәліктер, ақшалай сертификаттар мен ақшалай сыйақылар беріледі.

3. КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ МЕН ШАРТТАРЫ

3.1. Конкурсқа 2018 жылғы 1 маусым мен 10 қазан аралығында ресми жарияланған (алғаш жарияланған, эфирге шығарылған, ғаламторда орналастырылған) бірегей материалдар қабылданады.
3.2. Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2018 жылғы 1 маусым мен 10 қазан (қоса алғанда) аралығында келу тәртібімен немесе пошта арқылы мына мекенжайда: Z05S5X1, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 1, 213 каб., «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсына» деген белгімен қабылданады. Байланыс тел.: (7172) 69-30-54, 69-30-56, 69-30-57, 75 12 15).
3.3. Конкурсқа қатысу үшін Қосымшаға сәйкес рәсімделген өтінім-сауалнама, жеке куәліктің көшірмесі және конкурстық жұмыс негіздеме болып табылады. Сондай-ақ, жұмыс орнынан БАҚ басшысы растаған анықтама талап етіледі.
3.4. Конкурсқа 50 жасқа дейінгі жеке және ұжымдық авторлар қатыса алады. Жеке немесе ұжымдық автор тек бір номинация бойынша қатысуға құқылы. Соның ішінде бір тақырыппен біріктірілген материалдар циклын ұсынуға болады.
3.5. Автор (авторлар ұжымы) өтінімге қол қоя отырып, Конкурс ұйымдастырушыларына Конкурсқа ұсынған жұмыстарын БАҚ орналастыруға автоматты түрде келісімін береді.
3.6. Конкурстық жұмыстарды ұсыну үлгісі:
– телевизиялық өнім – ғаламтордағы сілтемелері көрсетілген дискідегі бейнесюжет;
– радиохабар өнімі-дискідегі аудиожазба және трансляциялау фактісін растайтын құжат;
– мерзімді баспасөз өнімі – ғаламтордағы сілтемелері көрсетілген мақаланың сканерленген электрондық данасы;
– БАҚ ғаламторындағы өнім – ғаламтордағы сілтемелері көрсетілген «Word» форматындағы жарияланымның электрондық нұсқасы.
3.7. Конкурстық жұмыстардың көлемі:
– бейнематериалдар – 30 минутқа дейін;
– радиоматериалдар – 30 минутқа дейін;
– газет-журнал мақалалары – таңба саны шектеусіз;
– Ғаламтор-БАҚ-тағы жарияланымдар – таңба саны шектеусіз.
3.8. Конкурстық жұмыстарды бағалау өлшемдері (10 балдық шкала бойынша):
– шығармашылық жаңашылдығы және идеяның ерекшелігі;
– жұмыс мазмұнының тереңдігі;
– орындаудың техникалық деңгейі (оның ішінде инфографика, 3D-графика және т. б. пайдалану деңгейі,);
– жалпы эстетикалық және эмоцияналдық қабылдау.
3.9. Конкурстың жұмыс тілдері – қазақ, орыс тілдері.
3.10. Автор (авторлар ұжымы) Конкурстық жұмыстың мазмұны мен авторлығының дұрыстығы үшін жауап береді.
3.11. Жарнамалық сипаттағы жұмыс Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
3.12. Конкурс ұйымдастырушылары қажет болған жағдайда қатысушыдан қосымша мәліметтерді, материалдың сәйкестігін, оның шығу мерзімін, авторлығын растайтын құжаттарды талап етуге құқылы.
3.13. Конкурс ұйымдастырушылары жекелеген номинациялар мен орындар бойынша сыйлықтар бермеу құқығын, сондай-ақ номинациялар арасында жүлде қорын қайта бөлу құқығын өзіне қалдырады.
3.14. Конкурсқа жіберілген жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

4. КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН ШЫҒАРУ

4.1.Конкурс қорытындысын Конкурстық комиссия шығарады.
4.2. Конкурс өтінімдері 2018 жылғы 1 маусым мен 10 қазанға дейін қабылданады.
4.3. Конкурстық жұмыстарды іріктеу және қорытындылау 2018 жылғы 25 қарашаға дейін өткізіледі.
4.4. Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі 2018 жылғы 1–15 желтоқсан аралығында өтеді.

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің арасындағы
«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы»
ашық шығармашылық конкурсына қатысуға
өтінім-сауалнама

Қатысушының толық аты-жөні:

Туған күні, айы, жылы__________________________________________

Жұмыс орны:

Лауазымы:

Номинация:

Жанр:

Конкурстық жұмыстың атауы:

Конкурстық жұмыстың ұзақтығы

Конкурстық жұмыстың шығарылған мерзімі:

Байланыс телефондары:

Электрондық мекенжайы:

Пошта мекенжайы, индексі:

Конкурсқа қатысу шарттарымен келісемін:

_________________ (______________________________)
қолы АӘТ

2018 жылғы «____» ___________________

Ескерту: 1. Өтінімнің барлық жолын толтыру міндетті.
2. Әр жұмысқа өз алдына жеке өтінім рәсімделеді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *