ҚАЗАҚСТАН СУРДЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНДА

Алматылық спортшылар ел намысын қорғады

Нұрлан СҮЙІН

Сурдлимпиада (Сурдоолимпиада ойындары) – есіту қабілеті нашар спортшылардың төрт жылда бір өтетін әлемдік додасы, Олимпиада ойындары. Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті егемендік жылдарынан Олимпиада ойындары, Паралимпиада сияқты Сурдлимиадаға да қатысып келеді. Өз Сурдлимпиада, Әлем чемпиондарымыз да бар.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Алматы Спорт басқармасының  «Дене мүмкіндігі шектелген адамдарға арналған «Алматы» спорт клубының» спортшылары бар.

Қазақстан 2019 жылдың 12–20 желтоқсан аралығында Италияның Валтеллина қаласында өткен ХІХ қысқы Сурдлимпиада ойындарына қатысты. Айтарлықтай нәтиже көрсетті. Олимпиада жеңімпазы болып оралған Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасын 2019 жылдың 21 желтоқсанында, Алматы әуежайында Алматы қаласы жанкүйерлері зор құрметпен, гүл шоқтарымен қарсы алды.

Осы әлемдік дүбірлі жарыстарда Қазақстан ұлттық құрама командасы спорттың төрт түрінен:

– Шайбалы хоккейден 22 спортшы;

– Шаңғымен жүгіруден 5 спортшы;

– Сноубордтан 1 спортшы;

– Шахматтан ерлер 6 спортшы;

– Шахматтан әйелдер 6 спортшы.

барлығы 40 спортшы жарыс жолына шыққан болатын.

Сурдлимпиада ойындарына әлемнің 40-тан астам мемлекеті спортшылары қатысты. Қазақстан Ұлттық құрамасы біршама жетістіктерге жетті. Атап айтсақ, шайбалы хоккейден командалық 5-ші орынға ие болса, сноубордтан жарыс жолына шыққан алматылық спортшы Клюев Денис 4-ші орын алды. Ал шахматтан әйелдер құрама командасы жалпы командалық 5-ші орынға тұрақтады. Жеке көрсеткіші бойынша алматылық халықаралық дәрежедегі спорт шебері Жуковская Нина 5-ші орын алды.

Ал шахматтан ерлер командасы шынында да ерледі. Шахматтан ойындардың ең соңғы күніне дейін тартысты өткен додада Қазақстан, Германия және Хорватия командалары 13 ұпайдан жинап тең көрсеткішке қол жеткізді. Алайда, жекелей кездесуде басым түскен Қазақстан құрамасы  жалпы командалық І орынды иемденіп алтыннан алқа тақса, Германия командасы жүлделі ІІ орын, ал Хорватия командасы ІІІ орынға тұрақтады.

Қазақстан ұлттық құрама командасы сапында Алматы қаласынан тоғыз спортшы қатысса,  соның сегізі Алматы Спорт басқармасының «Дене мүмкіндігі шектелген адамдарға арналған «Алматы» спорт клубының» спортшылары. Солардың ішінде Сурдлимпиада ойындарының жеңімпазы атанып, алтыннан алқа таққан алматылық спортшылар, шахматтан «Спорт шеберлері»:

  1. Наурызғалиев Амангелді Нариманұлы;
  2. Кеттебеков Самажан Бедербекұлы;
  3. Мочальский Дмитрий Сергеевич;
  4. Рожков Максим Васильевич.

Қазақстан ұлттық құрама командасын осы айтулы жарысқа бастап апарған ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Спорт және денешынықтыру істері комитеті, ҚР спортты дамыту дирекциясы басшыларын және ҚР ұлттық құрама  командасы жаттықтырушыларын осы тамаша жетістіктерімен құттықтаймыз.

Ал Сурдлимпиада ойындарына 8  бірдей спортшыны, соның ішінде төрт чемпионды дайындаған Найзабек Бекетұлы Сағымбаев басқарып отырған  «Алматы» спорт клубы ұжымы. Жеңімпаз спортшылардың жеке бапкері Күзербаев Елдос Шерімбетұлы.

Тәуелсіздік тұсында  Қазақстан  барлық сала бойынша халықаралық, әлемдік деңгейге шығып отыр. Спорттағы, оның ішіндегі Судлимпиада, Паралимпиада ойындарындағы жетістіктеріміз соның дәлелі.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *