ҚАЗАҚСТАН ҚОРЖЫНЫНДА 11 МЕДАЛЬ

Тайландта бокстан Азия чемпионаты өтуде

Бангкок қаласында ерлер, қыздар арасындағы Азия чемпионаты 10 салмақ дәрежесінде өтуде. Қазақстан бокс құрамасы Тайландқа толық құраммен аттанды. Бокстан Азия чемпионаты 19–26 сәуір аралығында өтеді.

 Нұрлан СҮЙІН

Бес күндік іріктеу жекпе-жектері нәтижесінде чемпио­наттың жартылай финалына қазақстандық 11 боксшы шықты. Ерлер арасында – Теміртас Жүсіпов (49 кг.), Закир Са­фиул­лин (60 кг.), Санатәлі Төлтаев (64 кг.), Тұрсынбай Құлахмет (75 кг.), Бек Нұрмағамбет (81 кг.), Василий Левит (91 кг.), Қамшыбек Қаңқабаев (91 келіден жоғары).

Ал қыздар арасынан Милана Сафронова (64 кг.), Дариға Шәкімова (69 кг.), Фариза Шолтай (81 кг.), Ләззат Күн­гейбаева (81 келіден жоғары).

Бұл дегеніңіз, Қазақстан құрамасының қоржынында Азия чемпионатының 11 медалі. Жүлделердің қайсысы алтын, күміс немесе қола болатынын 25-26 сәуір күні өтетін жартылай финал мен финалдық жекпе-жектер көрсетеді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *