Қазақстан мен Корея достығының белгісі

Алматы қаласындағы Корей Республикасының Бас консулы Чжон Сынг-Минға (JeonSeung­Mіn) «Еуразия тарихы бойынша құрметті докторы» дипломы салтанатты түрде табыс етілді. Бас консул Тұран университетінің ректоры, профессор Р.Алшановқа және университеттің барлық ұжымына көрсеткен сеніміне алғысын білдірді. Чжон Сынг-Мин мырза Корей және Қазақ­стан халқының арасында рухани туыстықты атап өтті. Келешекте білім және ғылым саласында ынтымақтастықты дамытуға университеттің ұжымына өзінің ықыласын және тілегін жеткізді.

Тұран университетінің ректо­ры, профессор Рахман Алшанұлы өз кезегінде біздің елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты дамытуда және Корей газетте­ріндегі Қазақстан туралы мақа­лалар арқылы корей оқырман­дарын таныстырудағы, Қазақ­стан­ның тарихын және мәде­ниетін оқып-білуде қызығушылық танытуларына Бас консул Чжон Сынг-Миннің қосқан үлесін атап өтті.

Салтанатты табыстаудан кейін Бас консул біздің университе­тіміздің «Аймақтану» және «Ха­лық­аралық қатынастар» маман­дықтарының студенттері үшін «Корей халқының тарихы және қазіргі жағдайы» тақырыбына дәріс оқыды.

 

Талғат ТӨЛЕГЕНОВ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *