ҚАЗАҚСТАН ЕҚЫҰ-МЕН БІРЛЕСКЕН 62 ЖОБАНЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРДЫ

Бүгін Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының Астана қаласындағы бағдарламалар Офисі Басшысы Наталия Заруднамен кездесу барысында сөз алған Мемлекеттік хатшы Қазақстан ЕҚЫҰ-мен бірлескен 62 жобаны сәтті жүзеге асырғандығын мәлімдеді. Айта кетейік, кездесу ЕҚЫҰ өкілінің дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай ұйымдастырылған болатын, — деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Шара аясында тараптар Қазақстанның ЕҚЫҰ бағытындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалына және болашақ перспективаларына қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

– Біз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының Астана қаласындағы бағдарламалар Офисімен өте ынтымақтаса жұмыс жүргізу үстіндеміз. Мұндай жұмыстарымыз әсіресе, Офис Басшысы Наталия Заруднаның жетекшілігімен жандана түскендей. Айталық, соңғы жылдың өзінде Қазақстан аталған ұйыммен сан салалы бағыттар бойынша 62 жобаны бірлесе жүзеге асырыпты. Оның ішінде, иммиграция, экономика және адам құқының қорғалуын қамтамасыз ету мен аймақтардағы өңіраралық мәселелерді тиімді шешуге қатысты семинар-кеңестер ұтымды ұйымдастырылды. Әсіресе, ауыл әйелдеріне қатысты атқарылған шаруалардың нәтижесі көңіл көншітерліктей. Экология мен «Жасыл экономикаға» өту жолдарын ел, жұртқа кеңінен таныстырып, түсіндіру жұмыстарының жоспары да ойдағыдай орындалды. Сондықтан да осы сәтті пайдалана отырып, Наталия ханымға елімізде бізбен бірге білек сыбана табысты еңбек еткені үшін Қазақстан Республикасы атынан зор алғысымды білдіргім келеді, — деді Гүлшара Наушақызы.

Сонымен қатар, соңғы жылдары ЕҚЫҰ Астана қаласындағы бағдарламалар Офисінің ұйымдастыруымен Ұйым хатшылығының және ЕҚЫҰ құрылымдық бөлімшелері басшылығының Қазақстанға бірнеше сапарлары, елімізде және шетелде түрлі форматтағы және деңгейдегі әскери-саяси, экономика-экология және адами өлшемдер салаларында бірқатар іс-шаралар өткізді.

Baq.kz

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *