ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ: ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТКІЗЕР ЖОЛ

Рахман АЛШАНОВ, «Тұран» университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор

Еліміз тәуелсіздік жылдарында талай тағылымды-сындарлы жолдан өтіп, өзінің даму үрдісін нақты жетістіктерімен айшықтай білген мемлекет. Экономика жұмыс істеп тұр, әлеуметтік міндеттер шешілуде, республика әлемдік шаруашылық байланыстарды кеңейтіп, нығайта түсуде, әлемдік экономикада да өз орнымызды кесектей ойып тұрып алған елміз.

 

Қиғаш әрекет жасағандарды қатаң бәсекелестіктің қайшысы қиып түседі

Бай минералдық ресурстарға негізделген ұлттық экономиканың қалыптасқан құрылымы оны әртараптандыру бойынша экономикалық саясат жүргізуді талап етті. Бұл саясат табиғи қорлардың табиғи шектеулігінен туындаған болатын.

Сонымен қатар, әлемдік нарықта қалыптасқан қатаң бәсекелестік бұл міндеттің олжалы жүгі ауыр болатынын аңғартты. Өңдеуші секторлардың дайын өнімдерін өндірудің барлық сегменттері дерлік бұрыннан бері қолды болған еді. Дамыған елдер жоғары технологиялық салаларды қалыптастыру және дамыту арқылы орасан зор пайдаға кенелді. Қосымша инновациялық құннан олар жоғары қайтарым алды. Әлбетте, табыс көзі болған «майшелпек» пен оған апарар жолды кімге бере қойсын. Мұндай жағдайларда «қасиетті ғибадатханаға» ұмтылған кез-келген әрекеттердің жолы кесіледі, қиғаш әрекет жасағандарды қатаң бәсекелестіктің қайшысы қиып түседі.

Еліміз жеделдетілген индустрияландыруды, қарқынды инновациялық дамуды әртараптандырудың бірқатар бағдарламаларын бірнеше рет жүзеге асыруға тырысты. Оның нәтижелерін зерделесек, қазіргі қалыптасқан ұлттық экономикалық құрылым жөнінде ауыз толтырып айтуға болады.

 

Ұлттық экономиканың құрылымы: әртараптандыру қарқыны

Ұлттық экономиканың тұрақтылығы әртараптандыру жетістіктеріне байла­ныс­ты екені белгілі. Бұл бағытта көп жұмыс жасалса да, өзекті мәселелер аз емес. Талдау нәтижелері 2010–2018 жылдар аралығында белгілі бір өзгерістер болғанын көрсетеді.

 

                             2010 жыл                                                            2018 жыл

Млрд.      ЖІӨ-     Жұм-      Өнді-      Млрд.       ЖІӨ-        Жұм-       Өнді

теңге       дегі        ысқа        ріс,         теңге        дегі          ысқа        ріс,

үлес       қам-        мың.                        үлес         қамтыл-   мың.

%           тыл-        теңге/                      %             ғандар/    теңге/                                                                    ғандар/    адам                                                мың       адам

мың                                                          адам

адам

Мұнай мен газ

өндіру                   5408,7     27,7       41,2        19525,9  12060,2    23,37       47,3         51605,5

Бөлшек сауда        2909,1     14,9       1224,2    2376,3    10069       18,99       1396,7     7209

Көлік                     2354,2     12,06     511,6      4601,6    2810,6      14,39       624,7       4499,1

Металлургия        1419,8     7,27       290         489,6      4614,9      8,78         295          1564,4

Аграрлық

сектор                   1470,7     7,53       2294,9    640,8      4410,0      8,3           1228,2     359,06

Құрылыс               1673,4     8,57       569,8      2936,8    3842,9      7,24         629,1       6198,6

Электрмен

жабдықтау            627,8       3,2         132,1      4752,5    1693,3      3,19         150,9       11298,2

Азық-түлік

өнімдерін

өндіру                   609,3       3,12       69,2        880,5      1577,7      2,97         75            2103,6

Металл кенін

өндіру                   591,3       3,02       78,2        7561,4    1474,2      2,78         81,2         18155,2

Машина жасау      257,2       1,31       88,3        2912,8    1089,8      2,05         65,7         16587,5

Жанар-жағармай

өнімдерін өндіру  287,9       1,47       9.1          31637,4  880,6        1,65         8,3           106096,4

Байланыс              474,2       2,42       109,3      4338,5    728,7        1,37         166,5       4376,6

Химия

өнеркәсібі             90,5         0,46       14,4        6284,7    401,1        0,73         13,9         28856,1

 

 

 

Мәселен, елдің ЖІӨ жалпы алғанда 19,5 трлн.-нан 53,0 трлн.-ға дейін немесе 2,7 есеге ұлғайғанда сауда-саттықтың үлес салмағы – 4,0%-ға, көлік 2,3%-ға, машина жасау – 0,74%-ға, аграрлық сектор 0,6%-ға, химия өнеркәсібі – 0,27%-ға өскен.

Салалар бойынша көз жүгіртсек, бір адамға шаққандағы ең көп өндіріс: мұнай өңдеуде (1 адамға 106,1 млн. теңге), мұнай және газ өндіруде (51,6 млн. теңге), химия өнеркәсібінде (28,8 млн. теңге), металл рудаларын өндіруде (18,2 млн. теңге), машина жасауда (16,6 млн. теңге) байқалады.

 

Азық-түлік Өндірісі ұлттық экономиканы әртараптандыруда кӨш бастап тұр

Бұл салалардағы көрсеткіштердің өсуіне шығару көлемінің артуы да, сондай-ақ әлемдік және ішкі конъюнк­тура да әсер етеді. Азық-түлік өндірісі ұлттық экономиканы әртараптандыруда көш бастап тұр.

Көлік дәліздерін игерудегі жетістіктер, аграрлық өнімдерді елден тысқары жерлерге және ішкі нарыққа жеткізудің өсуі осы салалардың қызметіне оң әсерін тигізді.

Қазақстан арқылы транзиттік контей­нерлік тасымалдардың көлемі жыл сайын өсіп келеді. 2015 жылы 212 мың ДФЭ (жиырма футтық эквивалент) транзиттік жүктер тасымалданды. Бұл көрсеткіш 2016 жылы – 245 мың ДФЭ, 2017 жылы – 347,5 мың ДФЭ, 2018 жылы 536 мың ДФЭ контейнерге немесе 49%-ға өсті.

Мұнай-газ секторы және тау-кен металлургия саласымен қатар олар ұлттық экономиканың тұрақты бейі­нін де қамтамасыз етеді. Құры­лыс, машина жасау, байланыс, химия өнеркәсібі, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау – екінші эше­лонға кіреді. Бұл тоғыздық ағым­дағы кезеңде ұлттық экономи­каның негізін құрайды.

Бұл секторлар ішкі және сыртқы инвестициялардың, жаңа технологиялардың негізгі магниттері болды, осылар арқы­лы табыс пен еңбек өнімділігі өсті.

Жалпы әртараптандыруға байла­нысты мұнай-газ секторының үлесі 27,7%-дан 23,37 %-ға дейін қысқар­ғанымен, саладағы шығары­лым көлемі 2,3 есеге өсті. Құрылыс үлесі 1,33%-ға, бай­ланыс 1,05%-ға қыс­қарды. Бұл салалар шығарылым көле­мінің өсуіне қарамастан, қалыптасқан нарықтарды толықтыруға жақын.

Жеңіл өнеркәсіпте қалаған нәтиже­лерге қол жеткізу мүмкін болмай отыр, еліміз бойынша ЖІӨ-дегі оның үлесі өте төмен – 0,17%. Бұл өнімнің ішкі нарық бойынша сауда-саттықтағы үлесі 2,10% немесе нарықты қамту деңгейі – 12,35 есе аз. Халықтың бұл сала өнімдерін тұтыну үлесі жоғары болса да, әрі елімізде ірі шикізат базасы болуына қарамастан, саладағы жағдай осы. Мәселен, елде жеңіл өнер­кәсіп тауарла­рының (аяқкиім, мата, киім) ішкі өндірісі 93,7 млрд. теңге болғанымен, осы өнімдерді сату 2017 жылы 1118,6 млрд. теңгеден асқан, бұл қажеттіліктен 11,9 есе аз. Ал 2018 жылы елімізде 71,4 мың тонна мақта, 4,7 мың тонна жүн, 111,2 млн. шаршы дм. тері өндірілгенін айта кеткен жөн.

 

2018 жылғы          Млрд.  Сату көлемі   Млрд.  Айырмасы

шығарылымдар   теңге   (сауда),            теңге   млрд.            

                                             2017 жыл                     теңге

Тоқыма                   48,2      Тоқыма

бұйымдар                             бұйымдар          75,3      — 27,10

Киімдер                   35,3      Киімдер             776,9    — 741,60

Былғары                               Былғары

бұйымдары              10,1      бұйымдары       266,4    -256,30

Барлығы                  93,7      Барлығы            1118,6  -1024,90

Осы орайда шетелдік өндірушілердің, әсіресе қытай, түрік жеткізушілерінің тарапынан жоғары бәсе­келестікті айтып, қазіргі заманғы техно­логиялардан артта қалуды сылтауратып, ақталудың қажеті жоқ.

 

Ішкі және сыртқы нарықтың ерекшеліктерін игерген креативті менеджерлер бар

Бұл ретте жеңіл өнеркәсіпте жақсы нәтижелерге қол жеткізген, жетістіктері жоғары бірқатар өндіріс орындарымыз бар. Мысалы, соңғы 5 жылда, 2014 жылдан бастап 2018 жылға дейін маталардың барлық түрлерін шығару 41,3 млн. шаршы метрден 61,9 млн. шаршы метрге дейін немесе 149,9%-ға (оның ішінде мақта-мата 21,0 млн. шаршы метрден 24,3 млн. шаршы метрге дейін немесе 115,7%, жасанды талшық­тардан жасалған маталар 20 млн. шаршы метрден 36,3 млн. шаршы метрге дейін немесе 181,5%) өскен екен. Төсек әбзелдері өндірісінде (2,9 млн. данадан 5,6 млн. данаға дейін немесе 193,1%), кілемдер өндірісінде (1,9 млн. шаршы метрден 6,2 млн. шаршы метрге дейін немесе 326,3%), сондай-ақ шұлықтар (2,0 млн. данадан 12,1 млн. данаға дейін немесе 605%), свитерлер, трикотаж жемпірлер (63,4 мың данадан 170,2 мың данаға дейін немесе 268,4%), трикотаждан тігілген сырт киімдер (33,9 мың данадан 100,7 мың данаға дейін немесе 297,05%), сырты былғарыдан тігілген аяқкиімдер (541,5 мыңнан 855,9 жұп), былғарыдан тігілген шабадандар, саквояждар, сөмкелер (10,4 мың данадан 27,5 мың данаға дейін немесе 264,4%) өндірістерінде жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізілген. Талдау көрсеткендей, бұл салада отандық нарықтың артықшылықтарын зерттеген, қазіргі заманғы технологияларды енгізген және ішкі және сыртқы нарықтың ерекшеліктерін игерген креативті менеджерлер бар.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің ұлғаюына және жүн, тері, мақта сияқты шикізаттардың көбеюіне байла­нысты, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру қажеттілігіне орай жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөнін­дегі кешенді шараларды қабылдау және іске асыру көзделіп отыр. Моноқалаларда, ірі ауылдық елді-мекендерде шағын, орта кәсіпорындар мақсатты түрде құрылып, ашыла бастауы мүмкін. Он жылға салық демалысын және тағы 10 жылға жеңілдік кезеңін ұсынуға да мүмкіндік бар.

 

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы:

отандық және шетелдік нарықтың бірқатар сегменттерін игеруге мүмкіндік беруі тиіс

Қазіргі уақытта еліміз жыл сайын импортерларға төлеу үшін 2,7 млрд. доллар шығынға батып отыр. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру отандық және шетелдік нарықтың бірқатар сегменттерін игеруге мүмкіндік беруі тиіс.

Аграрлық секторда бірқатар өндірістер бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Елімізде саланы әртараптандыру бағдарламасы шеңберінде майлы дақылдар егісін ұлғайту жоспары табысты іске асырылуда.

Мәселен, бес жыл ішіндегі осы дақылдардың жалпы түсімі 174,1%-ға көбейді. Яғни 2014 жылғы 1547,1 мың тоннадан 2018 жылы 2693,6 мың тоннаға дейін өсті. Қант қызылшасының жалпы жиыны 2110,9 пайызға көтерілген – 23,9 мың тоннадан 504,5 мың тоннаға дейін жеткен. Аграрилер қара­құмық жинауда да жоғары нәтиже көрсетті, өсім 177,8% (46,5 мың тоннадан 82,7 мың тоннаға дейін жеткен) болды. Сұлы, арпа, жүзім, дәнді-бұршақты, жемдік жүгері жинауда да осы тақылеттес көрсеткіштерге қол жеткізілген. Жаңғақтарды өсіруге қызығушылық артты, оларды жинау 140,9 пайызға (2,2 мың тоннадан 3,1 мың тоннаға дейін өсті) артты.

Мал шаруашылығында қой мен ешкі саны 18,7 млн., жылқы 2,6 млн. бастан асса, құс 44,3 млн.-ға дейін жетті. Сондай-ақ, сүт және құс, ірі қара мал, жылқы, қой және ешкі еттері бойынша көрсеткіштер де жоғары. Үй құсының етін өткізу (134,2 мың тоннадан 192,0 мың тоннаға дейін) 143,1 пайызға өсті. Бұл осы өнімнің импорттық үлесін қысқартуға мүм­кіндік береді.

Аграрлық сектордың жетістіктерінің тағам индустриясы көрсеткіштерінің өсуіне тікелей қатысы бар. Мәселен, үй құсының етін өнеркәсіптік өндіру 132,4 мың тоннадан 185,2 мың тоннаға дейін, ал консервіленген ет өнімдері 59,6 мың тоннадан 79,8 мың тоннаға дейін өскен. Консерві өнеркәсібінде көкөніс, жеміс, қызанақ консерві­лерін шығаруда да өсім бар.

Өсімдік майларын өндіруде күнбағыс майын шығару көлемі 67,9%-ға (барлық көлемі 263,8 мың теңге) артқан. Сафлор (260%), соя (118,9%), зығыр (4244,4%) майларының өндірісі де өскен. Егістіктің және майлы зығыр (зығыр – кудряш) жинаудың айтарлықтай ұлғаюы бес жыл ішінде зығыр майын шығарудың 0,9 мың тоннадан 38,2 мың тоннаға дейін күрт өсуіне ықпал еткен.

Азық-түлік саласының басқа секторла­рынан ірімшік және сүзбе, йогурт, балмұздақ, жарма, нан-тоқаш өнімдері, кетчуп, макарон, қызылша қанты, майонез, мал азығын өндіруде жетістіктер айтарлықтай болса, сусындар өндірісінде коньяк, шарап, сыра, минералды су, алкогольсіз сусындар шығаруда өсім байқалады.

 

Елімізде сауда саласында әрбір оныншы адам жұмыс істейді

Қызмет көрсету саласында да өзгерістер бар. Ішкі туризм, киноиндустрия дамуда. Экономикалық, инвестициялық саясатта болып жатқан құрылымдық өзгерістерді белсенді түрде ескеріп отыру қажет.

Елде мейрамханалар, кафелер, Салтанат залдары­ның құрылысы жылдам қарқынмен жүргізілгені анық. Бұл нысандарды салуға несиелер жиі әрі көп берілгені белгілі және қазір нарықтың осы секторларының қатты дамып кеткені байқалады. Цифрландырудың өсіп келе жатқан қарқынына байланысты қашықтық­тан сауда жасаудың, пошта саудасының нығаюы мен дамуы ірі дүкендердің, жұмыс істеп тұрған сауда желілерінің қысқаруына әкеп соғуы әбден мүмкін.

Елімізде сауда саласында 328,0 мыңнан астам адам немесе әрбір оныншы адам жұмыс істейді. Бұл өте «нәзік әрі сезімтал» сала, сондықтан осы саладағы өзгерістер әркез биліктің тұрақты назарында болғаны жөн.

Мемлекет шағын және орта бизнеске мақсатты түрде қолдау көрсетуде. 2019 жылғы 1 сәуірде елде 1280,9 мыңнан астам шағын және орта кәсіпорындар жұмыс істеді (тіркелгендер бойынша – 80,4%). Оның ішінде: 239,6 мың шағын (64,3%), 2,6 мың орта (89,6%), 846,2 мың жеке кәсіпкерлер (82,9%) және 202,5 мың фермерлік және шаруа қожалықтары (96,6%). Бұларда 3267,7 мың адам жұмыс істеді, олардың 65,5 пайызы жеке кәсіпкерлер. Осы кезеңде ШОБ жұмысындағы тиімділіктің өзектілігі күшейе түсті. ШОБ кәсіп­орын­дары берешектерінің өсуі, фирмалардың маркетингтік саясаты, жалпы осы сектордың экономикасы мұқият талдауды талап етеді.

Соңғы жылдары экономикадағы әлеуметтік саланың рөлі артып келеді. Еңбекке ақы төлеудің артуы, әлеуметтік төлемдердің өсуі сұраныстың өсуіне алып келеді және өндірісті ынталандыра түседі. Мұны сауда динамикасының 2019 жылғы көрсет­кіштерінен байқауға болады. Ағымдағы жылдың қаңтар айында тауар айналымы 2237,1 млрд. теңгені құрады, ал қыркүйекте ол 1229,5 млрд. теңгеге (154,9%) өсіп, 3466,6 млрд. теңгеге дейін жетті. Бұл әлеуметтік табыстың өсуіне де байланысты. Мысалы, 2019 жылы көп­балалы, аз қамтылған отбасыларға елеулі әлеуметтік көмек көрсе­тілді. Мем­ле­кеттің әлеуметтік шараларын («Әлеу­мет­тік қамқорлық») іске асыруға – 444,3 млрд.-тан астам теңге, оның ішінде аза­маттардың жекелеген санаттарын әлеумет­тік қолдауды күшейтуге – 224,3 млрд. теңге бөлу көзделген. Жаңар­тылған атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) 1 сәуірден бастап жалпы сомасы 9,4 миллиард теңгеге 80 мыңнан астам отбасы алды. Бұл көмекті алушылар осы сомалардың басым бөлігін ең қажетті тағам, киім-кешек сатып алуға жұмсады. Негізінен бұл ШОБ өнімдері.

Кәсіпкерлікке екі жолмен қолдау көрсетуге бола­ды. Бірінші – субсидиялар, жеңілдіктер, қолжетімді несиелер арқылы. Екінші – сұранысты зерделеу арқылы. Бұл ретте екінші жол қолайлырақ па дейміз. Өйткені, нақты сұранысты табудың, айқындай білудің жөні бөлек. Белгілі бір өнімді шығару бар да, оның сұраныспен, қажеттілікпен үндесуі тағы бар. Тұтыну сұранысын зерттеу маңызды. Сұраныс экономикасы әлеуметтік экономиканың маңызды элементі ретінде мемлекеттік экономикалық саясат құрылымында лайықты орын алуы тиіс.

 

Тұтынушылық несиелер, ипотекалық қарыздар және автонесиелер кӨш бастап тұр

Соңғы жылдары халықтың несиені жаппай алуына, ипотекалық берешекті ұлғайту проблемаларына қатысты алаңдаушылық артып отыр. 2018 жылдың қорытындысы бойынша қарыз көлемі 31 пайызға өскен. Банктер мен микрокредиттік ұйымдарға берешек 6 трлн. теңгеден асқан. Тұтынушылық несие­лер, ипотекалық қарыздар және автонесиелер көш бастап тұр. Мұның себебінің бір ғана түсініктемесі бар: экономикалық сана мен эко­номикалық сауаттылық деңгейі экономикалық мінез-құлық деңгейімен өлшенеді.

Тойларға, басқа да салтанаттарға алынатын тұтынушылық несие тұтастай алғанда, бірқа­тар жағдайларда халықтың мүмкіндіктеріне сәйкес келмейді. Бұл жерде отбасылық бюд­жеттегі өз кірістері мен шығыстары балан­сының дұрыс есебі сияқты айқындылық жоқ. Сонымен қатар, ипотекалық несие­леудің өсуінің өте маңызды мультип­ли­кативті әсері бар. Ипотека есебінен тұр­ғын үй сатып алу қажетті қаржы ресурс­тарын жинақта­ғанға дейін осы пробле­маларды шешуге қолжетімділікті ке­ңей­туге, миллионда­ған азамат­тар­дың өмір сүру жағдай­ларының қолайлы­лығын арттыруға мүмкіндік береді.

Тұрғын үй құрылысының өсуі, сондай-ақ құрылыс саласын, құры­лыс материалдарын өндіру­дегі қосалқы салаларға, сантех­ника, жиһаз және т.б. салаларға да оң ықпал етеді. Бұл салада жұмыс­пен қамтылғандар саны 630 мың адамға жетті, олардың қатары одан әрі ұлғаюда. Тұрғын үй құ­рылысы жоғары қарқын алды, 2018 жылы оның көлемі 13,3 млн. шаршы метрден асты. 2019 жылы құрылысшылар 1,7 трлн. теңгеге тұрғын үй салатын болады.

Ипотека дегеніміз – өз ресурс­тарын банктердің мүмкіндіктерімен біріктіру, өзін-өзі қаржыланды­ру­дың, қаржы институттарының көме­гімен өзін-өзі несиелендірудің белгілі бір түрі. Сондықтан оны қарыз тұрғы­сынан ғана қабылдауға болмайды. Тағы бір мәселе, бұл жерде кез-келген нарық­тық жағдайда әрбір отбасы өзінің қар­жы­лық мүмкіндік­терін мұқият есептеуі керек.

 

«Ымыраласу арқылы жаһандану» кезеңі

Қазақстан экономикасы тәуелсіздік жылда­рында нарықтық бағдар алды. Қазіргі уақытта әлемдік экономиканың тренді жаңа ережелерге ден қойды. Шекараларды білмейтін және бедел­ділерді мойындамайтын мазасыз бәсекелестік қажеттілікке қарай жаһандану үдерістерін кеңей­туге мәжбүрлейді, әлемдік шаруашылық байланыс­тарға қажетті өзгерістер енгізеді.

Ішкі нарықты қорғап, ұлттық кәсіпкерлікті қол­дап, сауда соғысының ережелерін қабылдау арқылы Дүниежүзілік сауда ұйымының қызметін қанша бәсеңдеткенімен, халықаралық ынтымақтастықсыз, әлемдік саудасыз өмір сүру мүмкін емес. Бұл қажет­тілік барлық тараптарды бір-бірімен өзара ымыраға келудің жолдарын іздеуге мәжбүрлейді. Қазіргі кезеңді «ымыраласу арқылы жаһандану» уақыты деп атауға болар. Әрине, Қазақстан, сөзсіз, бұл трендтерді барынша ескеруі қажет. Еліміз өзінің сыртқы және ішкі эконо­микалық саясатына лайықты өзгерістер енгізуі керек.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *