Қазақстан экономикасының локомотиві

Атом  энергетикасы  Қазақстан  экономикасының   флагманы  болып   саналады.  Ол  елімізге  инвестиция  салуда  қолайлы  климаттық  орта  қалыптастырды.   Ұлттық  экономикаға   серпін  беріп,  оның  экспорттық  әлеуетін  арттыруда  локомотив  болып  танылды  және   іс  басында  үнемі  бастамашылдық  танытты.  Осы  бағытта  перспективті  сала  көшбасшысына  айналды.

 

Соңғы  жылдары  еліміздің  инвестициялық  ахуалын  жақсарту  және  инвесторларға  қолайлы  жағдай  жасау  бойынша  кешенді  жұмыстар  жүргізілді.   Нәтижесінде  Қазақстан  Экономикалық  Ынтымақтастық  және  даму  ұйымының  Инвестициялар  комитетіне    мүшесі  болып қабылданды. Бұл  өз  кезегінде  еліміздің  инвестициялық  ахуалының  халықаралық  стандарттар  мен  аталған  ұйымның  мүше  елдерінің алдына  шығуына  серпін  берді.

Біз жаһан үшін көз  қызықтырар ең жас, ең қуатты елдің санатындамыз. Жалпы, осы дәуір қазақ тарихындағы мүмкіндіктер дәуірі екендігі сезілуде. Сондықтан қолымызда бар барлық ресурстарымыз бен ақыл-ой парасатымызды  белгілі  бір  салаға  басымдық  беріп жұмылдыруымыз қажет. Біз болашақтың қайда бастап бара жатқан жаһандық моделін аңдып отыру арқылы ғана онымен бәсекеге түсе аламыз. Осы  бәсекеде Қазақстан  уран  саласы  көш  бастап  келеді. Осының  бәрінде  Қазақстан  ғалымдарының, кәсіби  мамандарының  зор  үлесі  бар.  Осы  ретте  еліміздің  экономикалық және  әлеуметтік  өміріне сай жаңа  мазмұн  және сапа   белгісін  алып келген мынадай  фактіні  айтпай кету мәнсіз  болар  еді.   Уран  саласын  игеруде  Қазақ  елі мен ұлтының  атын шығарып,   әлемге  паш  еткен ғалым-зерттеушілердің  атын  айрықша  атап  өтуді  жөн  көрдік.  Себебі  олар  туралы   қазақ  халқы  әлі жарытымды  ештеңе  білмейді. Мәселен,  уран  саласынан Нобель  сыйлығы  мен Лениндік  сыйлықтың  лауреаты  бар  десек,  ешкім  де  сенбес  еді.  Олардың  екеуі  де  бүгінде  ортамызда  жүр.

Жалпы, ғылым  атаулы өткен мен бүгіннің біліктілігіне,  тәжірибесіне  негізделіп  жасалады.  Бүгінгі  әлемді елең еткізген көптеген  ғылыми  жаңалықтың, тың  ізденістер нәтижесін көріп  келеміз  десек, сол  ортада өз  қандасымыздың да  еңбегі барын  ескермей келеміз. Солардың  бірі – біздің  жерлесіміз  Достай  Раманқұлов.  МАГАТЭ  халықаралық  ұйымының  инспекторы болып  қызмет  атқаратын  қандасымыздың  Нобель  сыйлығының  иегері    екенін  біле  бермейміз.  Достай  Раманқұловтың Нобель  сыйлығына  ие   болуына оның  халықаралық  қауымдастық  мойындаған  еңбегімен  бірге, Қазақстанның  Тұңғыш  Президенті – Елбасының  атом энергетикасы  бойынша  ашық  жүргізіп  отырған  саясаты  да  тікелей  ықпал  етті  деуге  болады.  Себебі МАГАТЭ-нің   жүргізіп  отырған  іс-қимылдарының  қазақстандық  бағыты  біздің  еліміздің сыртқы   саясатына  сәйкес  келеді. Еліміздің  тәуелсіздікке қол  жеткізген  күннен бастап, халықаралық  инспекторларға  ел  аумағындағы ядролық  нысандардың  барлығын  өз  көздерімен  аралап  көруге  рұқсат  беруі – МАГАТЭ тарапынан  қолдау  тапқан. Бүгінде  әлем  азаматы  болып  танылған Нобель  сыйлығының  лауреаты  Достай  Раманқұлов  МАГАТЭ  халықаралық  ұйымында  қызмет  етеді.

Лениндік  сыйлықтың  лауреаты – Халел    Батталұлы   Әубәкіров. Ол маман  геолог-зерттеуші. Ұзақ  жылдар  бойы «Волков» экспедициясында  қызмет  атқарған ол Шу– Сарысу  кен өндірісін  ашқан.  1978  жылы  СОКП Орталық  Комитетінің және  КСРО  Министрлер  Кеңесінің  қаулысымен «Геологиялық  жаңа  концепцияны  дайындап,  ойлап  тапқаны  үшін»  Лениндік  сыйлық  берілді. Міне, бұл –  Қазақстан  уран  өндірісінің  қомақты  табыстары. Бұдан  басқа  да  саланың  айтарлықтай  табыстары  жетерлік.

Қазақстанның  Тұңғыш  Президенті – Елбасы ұсынған стратегиялық құжатта еліміздің даму серпінділігін айқындайтын көпгеген жобалар халықаралық бәсекеге қатысу арқылы іске асырылды. Саланы ннвестициялық тұрғыда тартымды ету міндеті де өзекті бола түсті. Алайда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тұрақты түрде дамуы шетелдік инвестицияларға тәуелді болмау  мәселесі  тұрды.   Мемлекет басшысының тікелейықпалымен Ұлттық қордың құрылуының арғы астарында осындай стратегиялық мән болды.

Республикамызда қолға алынған индустриялық-инновациялық жүйе де бірінші кезекте білікті кадрларға деген сұранысты туғызары анық. Аталған багдарлама мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарына енуіне қолайлы алғышарттар жасады. Еліміз  бұл  салада кадр  тапшылығын  сезсе  де, білікті  мамандарға  сүйеніп,   саланы  алға  тарта  білді. Бірақ  бірқатар  кедергілер де  болды.

Адамзат атом электр станциясының еліміз экономикасын біршама алға апаратынын, көптеген саладағы тәуелділіктен   құтқаратынын әлі түсініп болған жоқ. Атомды бейбіт жағдайда ғылыми-зерттеулерге, атап айтсақ, радиология, медицинада, электр қуатын өндіру, радиоизотоптарды қолдану мен өндіру ғылыми негізде қарастырылған. Батыселдеріқазіртұтастан атом энергетикасынакөшудіңжолдарынкарастыруда.

XX ғасырфизиктеріадамзатқа қатертөндіретіноттегі, сутегібомбаларынойлаптапты. XXI ғасырғалымдарын атом энергетикасыныңоңимиджінқалыптастыратынядролық медицина, жанар-жағармайалмастыратыноттегі мәселелерітөңірегіндегіидеялартолғандыруытиіс. Демек, оғанүркеқараудыңқажетіжоқ.

Уран тобыбіздің энергетика үшін аса манызды нарықтыңқалыптасуынаүлкенүлесқосыпкеледі.Қазақстанның «Қазатомөнеркәсібінің» болашақта әлемніңэнергетикалыққорысаласындамаңыздырөлатқаратынына мүмкіншілігі мол. Нарықтыңфундаментальдікүштеріде  өзгеріске   түсуде. Мұндайда қалыптасқануранныңарзанбағасыдакөтеріледі. Өйткені, әлемніңкөптегенеліядролыққуаткөзінетұрақты даму тұрғысынанқарайбастады. Демек, бұлсалада «Қазатомөнеркәсібі» мен Қазақстанмаңыздырөлатқарады. Себебі, әлемдікнарықтауранғасұраныс пен қажеттілігі  күн  өткен  сайын  арта  түсетін  болады.

Мұнда ядролық-отын маңындағы сан мың сауалды толық қамтитын, уран саласының әлемдік даму басымдықтары негізінде МАГАТЭ-нің негізгі құжаттарына шолу жасалынады.

«Қазатомөнеркәсіп»  компаниясы  уран  экспортымен  айналысатын ұлттық  оператор.  Компанияның  ұйымдастыруымен  елімізде  түрлі  шаралар  өткізіліп  келді.  Халықаралық деңгейдегі басқосу біздің елімізде  екі рет ұйымдастырылды. Осыдан 20 жыл бұрын жиынға тек уран саудасымен айналысатын компаниялардың өкілдері қатысса, қазір ядролық-отын нарығына қатысы бар тараптар оған белсене қатысуда. Анығырақ айтқанда, өндірушілерден бастап, Азия, Еуропаға, тіпті Америкаға өнім тасымалдайтын компаниялардың өкілдері түгел қатысты.

Жоғарыдағы  басқосулардың  бірінде  жиынға қатысушылар «жерасты уран кеніштерін шайма әдісі арқылы игеру» деген тақырыпта өндірістік тәсілді техникалық жағынан талқылады. Аргентина мен Австралияда және Қазақстанда қолданылатын бұл тәсілдің қыр-сыры жанжақты қаралды. Өйткені, уран өндірісінде бұл әдістің басымдықтары мол.

Астанада   өткен VIII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның басты тақырыбы –   уран  мәселесі болды. Әлемдік уран өндірісі атом энергетикасының артып келе жатқан қажеттілігін қамтамасыз ете ала ма деген сұраққа жауап  іздеді.  Өткен ғасырдың 90-жылдарының басында уран өндірісі реакторлардың қажеттілігінен асып кеткен болатын. Осыдан барып уранның үлкен қоры жасалды. Демилитаризация және конверсия бастау алғанда уранның жиналған қоры атом энергетикасының қажеттілігіне белсенді қолданыла бастады. Осыдан уран өндіру төмендей бастады да, оның бағасы өндірісті  қанағаттандырмады.  2000 жылдың ортасында жағдай өзгеріп, уран нарығы қайта жанданды.  Ірі кен орындары қайта  ашылды. Өндірістік  компаниялар тоқтап қалған жобаларды іске қоса бастады.   Бүгінгі таңда әлемнің бірнеше  елі  уран өнеркәсібіне инвестиция салуда.  Ресми мәліметке сүйенер болсақ, нарықтың тоқырауына қарамастан, әлем бойынша уран өндіру артып келеді.  Әлем бойынша өндірілген барлық уранның   басым  бөлігі  Қазақстанға тиесілі.   Қазіргі таңда уран қоры бойынша  еліміз  көштің басында  тұр.   Уранды қолдана бастағаннан бергі уақытта  әлем бойынша мыңдаған кен орындары ашылғаны белгілі. Өткен ғасырдың 40-жылдары Кеңес Одағында елдің атом саласын құру мен дамыту бағдарламасы жасалды. Соған байланысты КСРО Мемлекеттік қорғаныс комитеті 1944 жылы Қазақстанда және одақтың басқа да аймақтарында уран кен орындарын іздеп табуға барлық геологиялық ұйымдарды жұмылдыруды Геология жөніндегі комитетке арнайы тапсырды. Одақта жаппай уран іздеу ісі осы қаулыдан бастау алады. Оның  тарихы  әріден  басталады.

Кеңестер кезінде республикада жеткілікті дәрежеде қуатты, дамыған инфрақұрылымы және білікті мамандары бар уран саласының мықты өнеркәсібі қалыптасты. Уран өндірумен төрт комбинат шұғылданып, олардың өндірістік қуаты КСРО-дағы өнім көлемінің 30%-дан астамын өндіруге мүмкіндік беретін.

Қазақстандағы бастапқы геологиялық барлау жұмыстары 1947 жылы құрылған Волков экспедициясының (қазіргі «Волковгеология») еншісінде. Ал еліміздегі алғашқы уран кен орны »1951 жылы ашылған Қордай кеніші. Соғыстан кейін, яғни 1947-1965 жылдар аралығында уран іздеудің белсенді әрекеттері одан әрі жалғасты. 60-жылдардың басында «Волковгелогия», «Красно-холмгеология», «Степгеология», «Кольцовгеология» өндірістік-геологиялық бірлестіктері геолог-барлаушыларының күшімен Қазақстан аумағында уранның минералдық-шикізат қорын жасаудың бірінші сатысы аяқталды. Бұл өз кезегінде  Қазақстанның шикізат базасындағы жағдайды түбегейлі өзгертіп жіберді. 70-жылдардың соңына таман  басқа да бірегей кен орындары  ашылды.1980-1982 жылдары Қазақстанда уран өнімдерін шығару ең жоғары деңгейге жетті. Осы  уақыт  аралығында  салада  түрлі  технологиялар  ойлап табылды,  өндіріс  жаңа  форматқа  көшірілді. Соның  бірі – жерасты шаймалау әдісімен өнім өндіру. Республикамыз жерасты шаймалау әдісімен алынатын бай уран қорына ие. МАГАТЭ-нің соңғы Қызыл Кітабына сәйкес, барланған және алдын ала бағаланған  Қазақстан уранының қоры ең аз шығын талап ететін 1-санатқа жатқызылды және ол осы шығындар классификациясындағы әлемдік уран қорының 35%-ын құрайтыны  анықталды. Бұл ресурстар  еліміздің  әр  шалғайында  орын  тепкен.

Атом индустриясын дамыту ісінде тәжірибелік реакторлар маңызды рөл атқарады. 1972 жылы Ақтау қаласында КСРО-да тұңғыш рет БН-350 жылдам нейтронды тәжірибелік-өнеркәсіптік реакторы іске қосылып, ол Маңғыстау энергокомбинатының  негізінде  дамытылды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі атом энергетикасы мен өнеркәсібі жүйесіне жататын барлық кәсіпорындарды Қазақ мемлекеттік атом энергетикасы мен өнеркәсібі кәсіпорындарының корпорациясына («КАТЭП») біріктірді. Жаңа ұйымның алдына тың міндеттер қойылды. Белгіленген  міндеттер  аясында Қазақстан уранын әлемдік рынокқа алып шығу  тұрды. Бұл  тапсырмалар  артығымен   орындалды.

Қазақстан уран өндіруден жетекші державаға  айналды.Үлбі металлургия комбинатында  атом электр стансаларына қажетті уран таблеткалары  шығарылу бастамасы  қолға  алынды.  Осылайша  уран өндіру мен экспорты – Қазақстан экономикасының стратегиялық саласына айналды. «ҚазАтомӨнеркәсібі» ұлттық компаниясы  шетелдермен және трансұлттық компаниялармен  келісім-шарттарға отырып, меморандумдарға  қол қойды. Оның ішінде, Парижде «ҚазАтомӨнеркәсібі» француздардың Areva компаниясымен қазақ-француз бірлескен “Катко” кәсіпорнындағы уран өндірісін қазіргіден 2 еседен артық ұлғайтуға  уағдаластық  жасады.   Сондай-ақ, «ҚазАтомӨнеркәсібі» мен Канаданың Cameco компаниясы Үлбі комбинатында уранды байытуға қолданатын және жылына 12 мың тонна гексафторид өндіретін бірлескен кәсіпорын құрды.«ҚазАтомӨнеркәсібі»мен Toshiba корпорациясы өзара ынтымақтасу туралы меморандумға қол қойды. Қазақ ұлттық компаниясы жапон корпорациясынан атом реакторларын жасап сатудан әлемдегі ең ірі компания болып табылатын Westinghouse (Westinghouse Electric Corp.) компаниясының тиісті акциясын сатып алды.  Атом энергетикасы саласында көрші Қытаймен де тығыз ынтымақтастық орната бастады. «ҚазАтомӨнеркәсібі» компаниясының осы сала бойынша Ресеймен арадағы дәстүрлі қарым-қатынасы тығыз  қалыптасқан.

Әлем бойынша өндірілген уранды жоғарыда аталған елдерге шаққанда қомақты  үлес Қазақстанның еншісіне байланған.  Соңғы уақытта әлемдік нарықта уранға деген ұсыныстың артуы айқын сезіле бастаған.  Табиғи уран нарығындағы шарттар перспективада  2020 жылдан кейін де   жалғаспақ. 2009 жылы Қазақстан уран өндiрiсi бойынша әлемде бiрiншi орынға шыққан болатын. Содан бері біздің елдің көшбасшылық орны әлі де сақталып келедi. Бұл биіктік ел аумағында уран өндiру iсiнің негізгі қозғаушы күші – «Қазатомөнеркәсiп» ұлттық компаниясы» АҚ-тың еншiлес және бiрлескен кәсiпорындары арқылы бағындырылып жатқанын да атап өткен жөн. Өйткені, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-тың өндiрушi кәсiпорындарының құрамына бiрнеше елдiң компаниялары мен бiрлескен кәсiпорындары кiредi.

Қазір өндірістік технологияның қарышты дамыған шағы.  Еліміздегі уран өндіру процесі де соны технология мен жоғары санатта сапалы өңделген, барынша байытылған өнім қажеттілігіне сұраныс артуда. Осы бағытта Қазақстан ядролық отын жасаудың толық циклін қалыптастыруды жоспарлауда. «Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық жоспарында энергетика саласындағы басты мақсаттардың бірі – 2020 жылға қарай ядролық отын циклімен вертикалды ықпалдасқан компания құру туралы айтылған  болатын.  Бұл  уәде  үдесінен  компания  шыға  білді. Осыған  орай,  табиғи уранды өндіріп, сатып қана қоймай, жоғары қосылған құрамы мен құны бар уран өндіріп, әлемдік нарыққа шығаруға да мүдделік таныту  міндетіміз  болмақ.  Елімізде   саланы  қайта  құру мен дамытудың  жан-жақты  бағдарламасы жасалған.

Жер  қыртысы  мен  оның  тектоникалық  сапасы  уран  өндіруде  қолайлы  орналасқан.  Қазақстан уранының қоры ең аз шығын талап ететін 1-інші категорияға жатқызылып, оған кететін  шығындар классификациясындағы әлемдік уран қорының қомақты  пайызын  құрайды. Бұл  бағытта  тұрақты  есептер  бар.

“КАТЭП”-тің бес жылдық жұмыс тәжірибесі көрсеткеніндей, уран өндірісінің саласын стратегиялық және үйлестіруші жоспарлау, кәсіпорындардың өндірісті қызметін басқару, несие және инвестицияны, қаржы және әкімшілік бақылауды қызметін қамтамасыз ететін басқарудың қазіргі ұйымдық құрылымы тұсында тапсырма-міндеттерді жаһандандыру міндеті  тұр.

Уран өнеркәсібі Қазақстан экономикасының стратегиялық жағынан маңызды әрі тұрақты даму үстіндегі салаларының бірі болып табылады. Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан ел ретінде белгілі. Қазақстанның  Тұңғыш  Президенті – Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  Біріккен Ұлттар Ұйымы Саммитінің форматында: «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифестінде атап өткендей, еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері ядролық қарусыздану мәселелері бойынша дәйекті саясат жүргізіп келеді. Бұған Қазақстанның бастамасы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының «Ядролық қарудан азат әлем құру» туралы Жалпыға ортақ декларация қабылдағаны да дәлел. Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында атом саласы алдына – 2025 жылға дейін базалық өнеркәсіп салаларын технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандыру бойынша кешенді шаралар әзірлеу мен қабылдау, ал «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының алдына кәсіпорынды цифрландыру мен  қызмет  саласын кешенді түрде автоматтандыру жөнінде міндеттер жүктейді. қойылды.  Бұл еліміздің индустриялық-инновациялық дамуына және ұзақ мерзімді перспективада энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге,  сол арқылы  Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіруіне ықпал ететінін болады.

Ермек  Зангиров,

Қазақстан Журналистер  Одағының  мүшесі.

 

 

 

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *