Қазақстан «Doіng busіness» рейтингі бойынша алда келеді

Әлем бойынша Қазақстан тиісті реформаларды белсенді әрі сәтті жүзеге асырып келеді. Мұны еліміздің стратегия­лық талдау орталықтары емес, Дүние­жүзілік Банктің «Doіng Busіness» рейтингісінің қорытындысы көрсетіп отыр.

Мәселен, 2015 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы атал­мыш рейтингте 11 индикатор бойынша 53-орыннан 41-орынға түсті. Яғни дүние­жүзілік деңгейдегі өз позициясын 12 пунктке жақсартты.

Айта кетейік, бұл рейтинг жыл сайын әлемнің 189 елі арасында жүргізіліп отырады. Осы индикаторлардың бағалауы нәтижесінде әр ел халқының әлеуметтік-тұрмыстық дәрежесі, бизнес пен инвес­тицияға қолайлы климаты, сыртқы сау­даны дамытудағы жетістігі, бақылау функ­цияларының аздығы және кедергісіз жұмыс істеу қағидаттары айқындалады. Мысалы, біздің еліміз әлемдік рейтинг бойынша Италия (45), Израиль (53), Түр­кия (55), Люксембург (61) сияқты мемле­кеттерден көш бойы озып кетті. Оның үстіне, Қазақстанда кәсіпкерлік қызметке қолайлы жағдай жасауға барынша ден қойылған. Мұндай жоғары көрсеткіш­терге қол жеткізуімізге Президент Н.На­зар­баевтың бизнеске жасаған зор қол­дауының үлкен ықпал еткенін атап өту қажет.

Бүгінде елімізде кәсіпкерлікке қатыс­ты заңдарға біршама өзгерістер енгізілді, кәсіпорындарды құру үрдісі жеңілдетілді, шағын кәсіпкерлік субъек­тілері үшін шекті жарғылық капитал көлемі айтар­лық­тай төмендетілді. Бір­неше нормативті ережелерді енгізудің арқасында құры­лысқа рұқсат алу жеңіл­детілді. Кедендік ақпараттың автоматтан­дырылған жүйесі және саудаға тартылған жақтардың тәуе­келдерін ескеретін жүйе жетілдірілді. Сауда үдерістері шеңберінде рәсімдеуді қажет ететін бірқатар құжаттар енді элект­ронды түрде тапсырылады, ал кедендік декларацияны жүк келгенше тапсыруға болады.

Жүргізілген реформалардың нәти­же­сінде экспорттық өнім жеткізуге жұм­салатын уақыт 8 күнге, ал импорттық са­тып алулар 9 күнге қысқарды. Ел­дегі бизнес ахуалды жақсартуға бағыттал­ған шаралар Қазақстанға рейтингтік бизнесті ашу (35 позицияға), салық төлеу (13 по­зицияға), инвесторларды қорғау (13 пози­цияға) тәрізді индикаторлары бойынша өз ұстанымдарын жақсартуға мүмкіндік туғызды. Үкімет бизнестің жеңіл жүр­гізіл­уін жақсарту жөніндегі жұмысты Бүкіл­әлемдік банк және USAІD бағдарлама­сының сарапшылары­мен, қазақстандық бизнес-қауымдас­тықпен өзара тығыз байланыста жүргізу­де. Қазіргі уақытта реформалар жалға­суда және олар Бүкіл­әлемдік банктің «Doіng Busіness» рейтингі индикатор­ларын жақсарту жөніндегі кешенді жоспарына сәйкес іске асырылып отыр.

Мейіржан МЕЙІРХАНҰЛЫ,

Алматы қаласы Әділет департаменті

«Мүліктік емес сипаттағы талаптарды

орындау бойынша аумақтық бөлімі»

филиалының басшысы.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close