ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЖЫЛЫҚҚА ҮШ МЫҢ КВОТА БӨЛІНДІ

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары Діни бас­қармасының төраға орынбасары, наиб-мүфти Серікбай қажы Ораз қажылық байқау мен іріктеуінен өткен компания басшыларымен болған жиналыста айтты.

Басқосу барысында наиб-мүфти ҚМДБ қажылық бөлімінің жаңа басшысы Бейбіт Мырзагелдиевпен таныстырып, биылғы қажылық маусымында атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтті.

–Биыл Қазақстанға қажылыққа үш мың квота бөлінді. Қажылық қызметі елімізде жылдан-жылға жолға қойылып келе жатыр. Қызмет көрсету сапасы да артуда. Биыл да еліміздің қажыларына Flynas әуекомпаниясы толықтай қызмет көрсетеді. Қажылар Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан тікелей рейс арқылы ұшатын болады, – деді Серікбай қажы Ораз.

Жиында турфирмалардың сапар барысында қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері талқыланып, бірнеше талаптар қойылды. Сондай-ақ,  Бейбіт Мырзагелдиев миссия жұмысы туралы мәлімет беріп, алдағы жұмыс жоспары жайлы мәлімдеді.

 

ҚМДБ баспасөз қызметі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *