ҚАЗАҚ НЕГЕ ҰРПАҒЫНЫҢ САНЫН АЙТПАҒАН?

Бүгін осы сұрақты жиі еститін болдық. «Неше балаңыз бар?». Алғаш кездесіп, танысқан жандар болсын, бір-бірін ұзақ уақыт көрмеген дос-жарандар болсын бір-біріне жиі қояды. Бала кезімізде үлкендер бұл сұрақты жақтырмайтын. Себебін сұрау ойда болмапты.

МАҚПАЛ.

Ежелде қариялар бұл сұрақты да, сұрақ қоюшы адамды да жақтырмай, «Құдайға шүкір, бар ғой, менікі емес, Алланікі» деп санын атамай жауап беретін. Алланың бергенін аламыз дегенді айтатындары қазір мыңның ішінен біреуі ғана. Ата-баба салтында қазақ баласын (ұрпағын) санамайды, санын айтып мақтанбайды. Оған Дәуіт пайғамбардың басынан өткен оқиғасы мысал болған. Баяғыда Дәуіт пайғамбар отыз ұлын ертіп мешітке келеді. Қараса, жамағат жиналып болмаған екен. Оларды күтпей-ақ, намазды бастап кеп жібереді. Намаз үстінде оң жағынан қарап: «Ассалаумалейкум Рахматулла» десе, көзі оң жағында отырған он бес ұлына түсіпті. «Ассалаумалейкум Рахматулла» деп сол жағына қарағанда, көзі сол жағында отырған он бес ұлына түсіпті. Ішінен «алпамсадай отыз ұлым бар. Өзім де бір жамағат болып қалыппын ғой» деп марқаяды. Дұғасын жасап, бетін сипап орнынан тұрса, отыз ұлы сәждеден бас көтермей жатады. Жандарына барса, бәрі де өліп кетіпті. Сол кезде Дәуіт пайғамбар «неге шүкірлік етпедім екен» деп өкініп, тәубесіне келіп, күндіз-түні Алладан кешірім сұрап, тынымсыз зарлап, Алладан ұрпақ сұрайды. Алла кешірім жасап, Дәуіт пайғамбарға отыз ұлдың орнына дүниедегі барлық жан-жануарлардың тілін білген, он сегіз мың ғаламды билеген әйгілі Сүлеймен патшаны беріпті.

 

Бүгінгі дұға:

«Уа, Алла! Сенен екі дүниеде жарылқау мен амандықты тілейміз. Үстімізден бір нәрсенің құлауынан, суға батудан, отқа күюден, аптап ыстықтан, қатты суықтан, әлсіздіктен, шарасыздықтан Өзіңе сыйынамыз. Сенен мен дінімде, тұрмыс-тіршілігімде, отбасым мен мал-мүлкімде жарылқау мен есендікті тілеймін».

 

Бүгінгі хадис:

Әнәс (р.а.) пайғамбарымыздың (с.а.с) аузынан тастамайтын дұғасы: «Раббанә әтинә фид-дүниә хасәнәтән уә фил-ахирати хасә­нәтән уә қинә азәбән-нәр» (Уа, Раббымыз! Бізге дүние тіршілігінде де, ақыретте де тек қана жақсылық бере гөр!) деген дұға еді деген.

Имам Муслимнің риуаятында қосымша ретінде: Әнәс (р.а.) бір ғана дұға оқығысы келсе, осы дұғаны оқитын. Ұзағынан дұға еткісі келсе, дұғасының арасына міндетті түрде осы дұғаны да қосатын еді делінген.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *