Қазақ мемлекеттік қыздар университеті – чемпион

Қазақстан Республикасының VII-қысқы Универсиадасы аясында өткен қыздар арасындағы футзал жарысы мәресіне жетті. Еліміздің 18 жоғары оқу орнынан келген арулар қатысқан сайыста Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті студенттері жеңімпаз атанды. Екінші орын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті спортшыларына бұйырса, Алматы қаласындағы Қазақ спорт және туризм академиясы студенттері үздік үштікті қорытындылады. Ал Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті төрттікке табан тіреді.

ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастырған жарыс соңында Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті проректоры Александр Свидерский, Павлодар облысы білім беру басқармасының Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының басшысы Рахметула Қасқырбаев, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі Татьяна Денисова жүлдегерлерді диплом, медаль және кубокпен марапаттады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *