Қазақ киносының «гауһартасы»

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, отандық киноның танымал актрисаларының бірі, 40-тан астам кино мен 10-ға жуық телесериалдарға түскен Жанна Қуанышеваның өмір жолы  өнегеге толы.

Әу баста анасы оның шығыс тілінің маманы болғанын қалаған екен. Сөйтіп, оның құжаттарын Ленинград мемлекеттік университетінің Шығыс­тану факультетіне жолдаған. Ол кезде емтиханды өзіңнің тұрған жеріңде тапсыруға да болатын. Алайда, жолы болып тұрған Жаннаның Ш.Бейсенбаевтың «Гауһартас» фильміне түсуіне тура келеді. Талант жолы түрлі соқпақтардан тұрады ғой. Филология факультетіне түскен ол тұрмысқа шығып, сырттай бөлімге ауысады, арасында кинодан да қол үзбейді. Оның өмірінде айрықша орын алатын тұлға, қазақ киносының жарық жұлдыздарының бірі Жамбыл Құдайбер­генов еді. Мәскеудегі ВГИК-ті атақты Б.Бабоч­киннің класынан бітірген Жамбыл екеуі отбасын құрды. Бүгінде екеуінің Ромео мен Джульеттадай болған махаббатының жемісінен өмірге келген Ержан атты ұлдары ғажайып компьютер дизайнері болып істейді.

Жаннаның өнердегі өміріне айрықша өзгеріс алып келген – «Гауһартас» фильмі еді. Белгілі қаламгер Дулат Исабековтің аталмыш повесі бойынша түсірілген Ш.Бейсенбаевтың фильмін­дегі Салтанат сұлудың талай жастың жүрегін өртегені мәлім. Бүгінде осы фильммен өскен бірнеше ұрпақ, буын қалыптасты. Осыдан 40 жыл бұрын түсірілген картинаны әлі күнге дейін қанша көрсең де бір жалықпайсың. Аға буын оны кейінгі түскен «Перекресток», «Астана – махаббатым менің», «Шегіртке» телесериалдары арқылы емес, «Гау­һартас» арқылы біледі. Бұл фильм оған танымал­дылықты алып келді. Оған үздік әйел бейнесі үшін 1976 жылы Фрунзеде (бүгінгі Бішкек) өткен Бүкілодақтық кино­фестивальде арнайы жүлде табыс етілді. Содан бастап қоғам бұған мектеп бітіруші емес, кәсіби актриса ретінде қарады.

Бүгінде өз биігіне шыққан актрисаның да өз ой-пікір, көзқарастары тәнті етпей қоймайды.

– Мен эпизодтық, екінші пландағы рөлдерге түспеймін. Қазір қарап отырсам, жас актрисалар қайдағы бір романтикалық кейіпкерлерді ой­найды, өйткені онда өмірдің шындығы аз, содан кейін көрерменді сендіре алмайды. Бұл олардың да кінәсі емес. Себебі, олармен жақсылап жұмыс іс­темейді. Бұл жерде көп нәрсе режиссерге байланысты. Кейде өзің режиссер не продюсер бол­ғың келеді. Мен әрбір адам өз ісімен ай­налысуы керек деп білемін. Актер бірде режиссер, бірде продю­сер болғысы келеді, екі кеменің құйрығынан ұстап, ақыр соңында өзін жоғалтып алады, – дейді актриса.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close