«Қазақфильм» жекеменшікке өтпеуі тиіс

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында Парламент депутаттарымен бірлесіп «Кинематография туралы» Заң жобасы талқыланды.

Сенат комитетінің төрайымы Б.Әйтімова бастаған депутаттар, ең алдымен, аталмыш киностудияның бүгінгі жағдайымен танысты. Сонымен қатар, бұл жиында заң жобасын талқылаумен қатар, киностудияның қазіргі тағдыры туралы да егжей-тегжейлі сөз болды.

Оқырман есінде болса, бұған дейін «Қазақфильм» киностудиясын жекешелендіру туралы әңгіме  шыққан болатын. Тіпті, бір беделді депутаттың Парламент мәжілісіндегі сұрағы да жауапсыз қалған еді. Міне, кездесуде осы мәселеге де шетпұшпақтап жауап берілгендей болды. «Қазақфильм» АҚ президенті Б.Қайырбеков бұл киностудияның ұлттық бренд екендігіне тоқталды.

– Бұл киностудия – еліміздің барлық киногерлерін біріктіретін ортақ шаңырақ. Осы жерге бәріміз жиналып, кино төңірегінде әңгіме құрамыз. Сондықтан да киностудияның аумағы тек мемлекетке ғана тиесілі болып, жекеменшікке өтпеуі тиіс. Киностудияға ұлттық компания мәртебесін қайтару керек, – деді Асанәлі Әшімұлы.

 

А.ЫРЫС.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *