«ҚАЗАҚ ДЕГЕН ХАЛЫҚТА ӨЗІ ҰЛТТЫҚ ЭЛИТА БАР МА?»

Смағұл ЕЛУБАЙ,

жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

…Қазақ – тілдік тұрғыдан қақ бөлінді. Осыны пайдаланып орыс тілі ойқастап мемлекеттік тілдің орнында жүр. «Ал қазақ тілі қайда жүр?». Қазақ тілі алақан жайып өзінің мемлекеттік мәртебесін орыс тілінен сұраумен жүр. 30 жыл ұдайы! Тіліміз Тәуелсіз Қазақстанның төрін беруді орыс тілінен 30 жыл ұдайы сұраумен келді. Парадокс па?! Парадокс. Осы келеңсіздіктен кейін: «Қазақ деген халықта өзі ұлттық элита бар ма?» деген сұрақ туындайды, әсіресе, сырттан бақылағандар арасында.

…Қазақстан үкіметі: «2021 жылға дейін қабылданған Тіл бағдарламасы бойынша Қазақстан халқының 90 пайызы 2021 жылы мемлекеттік тілде сөйлейді» деп отыр. Бұған кім сенеді?! Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында қай мекемеге бас сұқсаң да, алдыңыздан ойқастап орыс тілі шығады. Қазақ тілі емес. Басқаны былай қойғанда, бұл екі қалада қазақ жастары өзара орысша сөйлеседі. Аулаларда ойын тілі – орыс тілі. Бейнебір Ресейде жүргендейсіз. Мекемелер онсыз да орыс тілді. Сонда 2021 жылы, яғни араға бір жыл салып, Қазақстан қазақша сайрайды дегенге кім сенеді? Біздіңше, 2021 жылы тағы да бір уәдеге толы Тіл бағдарламасы өмірге келетін болар: «2031 жылы Қазақстан түгел қазақша сайрайды!» деген. Бұл нені көрсетеді? Бұл тілге қатысты ағымдағы Конституциялық баптың да, Тіл заңының да Қазақстан мемлекетінің мемлекеттік тілін қорғай алмағандығын көрсетеді.

 

(«EGEMEN QAZAQSTAN») 8.08.2019).

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *