Қазақ боксшылары – тағы да бірінші!

489Финляндия астанасы – Хельсинкиде халықаралық бокс турнирі аяқталды. Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлдеге ие болып, жеңімпаз атанды.

Алдымен алтыннан алқа таққандарға тоқталсақ. Қайрат Ералиев (56 келі салмақ дәрежесі) финалда ресейлік Артем Хотенконы жеңді. Айдар Өмірзақов (64 келі) италиялық Дарио Вангелиден айқын басым түсті. Ал Асқар Абдуллаев (91 келі) эстондық Айнар Карлсоннан шеберлік асыра алды.

Былтырғы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы болса (75 келі), финалға шығып тұрып, шешуші жекпе-жекте француз Кристиан Мвиллиге есе жіберді. Ал, қола жүлдені Әділет Құрметов иеленді. Нәтижеде жалпыкомандалық есепте Қазақстан боксшылары бірінші орын алды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *