ҚАЗАҚ, БҮГІН ТАҒЫДА БІР БАЛАСЫНАН АЙЫРЫЛДЫ!

ДЕНИС інім ұмытады сені кім?
Су сепкендей басылып тұр көңілім.
Құз үстінен көрінетін қыраным,
Мұз үстінен өтіп кетті-ау өмірің!

 

Қайғы құшып жылап жатыр қазағым,
Мұңға айналып күрсінеді ғазалым.
Мың құшаққа сыймайтұғын алыбым,
Бір пышақтан болып кетті ажалың.

 

Сен еліңнің мақтанышы ең, жаны асыл,
Қош бол інім ажал құшып барасың,
Кәззаптарға айта алмаймын ештеме,
Қазақ барда сен аңыз боп қаласың!

 

Мұхтар ЖАҚСЫЛЫҚ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close