ҚазҰУ тағы да үздік атанды

Рая ЕСКЕНДІР

 

«Жасыл ел» республикалық студенттік жасақтарының XV мерейтойлық еңбек маусымының жабылу салтанатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Үздік оқу орны» аталымы бойынша жеңімпаз деп жарияланды.

Салтанатты марапаттау Павлодар қаласында ҚР Парламенті Сенатының Спикері Дариға Назарбаеваның және Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың қатысуымен өтті.

2005 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Жасыл ел» студенттік құрылыс және еңбек жасақтары қайта жанданған болатын. Мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру, патриотизмге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, жас ұрпақ үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашуды мақсат еткен бұл жобаның келешегі кең, бүгіні нық.

Соның бір айғағы, жазғы еңбек маусымында ҚазҰУ-де 167 студент жұмыс істеді. Олар тазалау, абаттандыру жұмыстарымен айналысты. Сондай-ақ, ҚазҰУ кампусы және Алматы аумағын көгалдандырды. Оларды арнайы киіммен, ыстық тамақпен және жатақханада тегін тұру орнымен қамтамасыз етті. Тамыз айында «Жасыл ел» студент жасақтарының ең үздік 20 жауынгері «Ыстықкөл» көліндегі (Қырғызстан) ҚазҰУ спорттық-сауықтыру орталығына жолдама алды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *