ҚАЗҰУ РЕКТОРЫ ИТАЛИЯ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖОҒАРЫ МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ

ҚазҰУ-дың бай коллекциясы тағы бір марапатпен толықты. Италия Республикасының Президенті Серджо Маттарелланың жарлығымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов «Ordіne al merіto della Repubblіca Іtalіana» орденімен марапатталды.

Рая ЕСКЕНДІР

Алматыда Италия Республикасының ҚР-дағы Төтенше және өкілетті елшісі Паскуале Д’Авино президент атынан ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұта­новқа ең жоғары мемлекеттік награда – «Италия Республикасына сіңірген зор еңбегі үшін» орденін табыс етті.

Бұл орден негізінен 1951 жылы тағай­ын­далған. Италия алдындағы маңызды еңбегі үшін премьер-министрмен келісе отырып, ел президенті тарапынан ұйға­рылады. Университеттің Ғылыми кеңесінде орденді табыстай тұрып, елші Паскуале Д’Авино ҚазҰУ ректорын халықаралық қоғамдастықтағы көрнекті ғалым, жоғары мектеп жасампазы және ұйымдастыру­шысы деп бағалады. Оның басшылығымен Қазақстанның жетекші университеті әлемде жоғары беделге ие болғанын және бірнеше ірі ғылыми-білім беру жобалары жүзеге асқанын жеткізді.

–       Академик Ғалым Мұтановтың Қазақ­стан мен Италия арасындағы ғылым және білім салаларындағы әріптестігін дамытуға, сондай-ақ, екі елдің достық қарым-қатынастарын нығайтуға қосқан зор үлесі жоғары мемлекеттік марапатпен бағаланды, бүгін осы орденді табыстау мен үшін қуаныш, – деп атап өтті елші.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Италия­ның жетекші жоғары оқу орындарымен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатқан. Университетте Романдық зерттеулер орталығы құрылып, сәтті жұмыс атқаруда, ал Ка Фоскари университетінде әл-Фараби орталығы ашылып, халықаралық білім беру бағдарламалары аясында академиялық алмасу және мамандарды дайындау белсенді жүргізілуде.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close