ҚазҰУ – Алматы қаласы әкімінің назарында

Қазан айының 9-ы күні Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев еліміздегі үздік жоғары оқу орындарының көшін бастап тұрған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де іссапарда болды.

Іссапар барысында қала әкімі Б.Сағынтаев университет ректоры, академик Ғ.Мұтановпен және студенттермен бірге ІТ-технопаркінде процесті инновациялар және жерді қашықтықтан бақылау орталықтарының жаңа заманауи жетістіктерімен танысты.

Сондай-ақ, қала әкімі ҚазҰУ-нің студенттерімен кедесу барысында қаланы дамыту бойынша жасалған ұзақ мерзімді «Алматы–2050» бағдарламасы туралы айтып берді. Бұл бағдарламаның басты бағыттары – экология, креативтілік, ілгерілеу, бірдей мүмкіндіктер, қауіпсіздік, мәдениет пен білімнің жоғары деңгейі, көпорталықтандыру және адамдарды бірдей шоғырландыру екені айтылып өтті.

Қала әкімі Б.Сағынтаев сөз барысында жастар заманауи бастамалардың тура ортасында жүрулері керек, жаңадан импульс алған мегаполистің өзгеруіне қозғаушы күші болулары тиіс деген пікір айтты. Әкімшілік тарапынан жаңа идеяларды жүзеге асыруға көмек жасалады, креативті-инновациялық жобаларды әзірлеу үшін жастар кәсіпкерлігінің экожүйесін жасаймыз деп атап көрсетті.

Сөз соңында қала әкімі жастарға инновациялар біздің өмірімізге жедел қарқынмен енуде, бұған осы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не жасаған бүгінгі іссапарда көзім жетті деп түйіндеді. Жастар, энергия, ғылыми ой мен озық тәжірибе шоғырланған жоғары оқу орны – өзгеріс алдында тұрған бүгінгі Алматының жарқын көрінісі деп сөзін оптимистік нотада аяқтады қала әкімі.

 

Н.НҰРТАЗИНА,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры.

 

Е.ШАЛБАЕВ,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2-курс магистранты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *