ҚазҰТУ жастары Елбасымен бірге

200Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық тех­никалық уни­вер­ситетінің студент­тері жаңа оқу се­местрін жаңа сер­піліспен бастады. Сту­денттер Елба­сының «Қазақ­стан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жол­дауын зор ынта­мен оқып, қызу қолдау білдіріп отыр.

Білімді жастар – мемле­ке­тіміздің басты капиталы. Елбасы Жолдауында «бар­лық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім беру­дің барлық буынының сапасын жақсар­туда бізді ауқым­ды жұмыс күтіп тұр. Келе­шекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көші­руді қарастыру қажет» деп атап көрсетті.

Иә, жастар – қашан да толыққанды қолдауды талап ететін әлеуметтік ресурс, мемлекеттің басты капиталы. Сонымен қатар, жастар үкімет көмектеседі, қолдау көрсетуі тиіс деп әрекетсіз отырмауы керек. Әр азамат бұл тұрғыда қолұшын беріп, мәселені бірге шешуге атсалысуы қажет. «Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады» деп жасампаз елдің жастарына үлкен сеніммен қараған Елбасы Н.Назарбаев бұл жолы да жастарды назардан тыс қалдырмады.

Сондықтан, ұлттың кемел келешегі – бүгінгі жас ұрпаққа қойылған ең үлкен міндет – сананың түзу жолмен қалып­тасуы мен білімділік, жан-жақтылық жа­сампаз елдің жастарына ғана тән екендігі баса айтылған. Елбасының әлемдік білім бәсекесінің шыңына еліміздің кем деген­де екі жоғары оқу орны шығуы керек деген үлкен үміті де осы жастарға қарата бағытталған. Елбасы Жолдауын талқы­лап, ортаға салған студент-жастар өз ойларын былайша білдірді.

Еркебұлан НАУРЫЗБАЕВ, ҚазҰТУ-дің магис­транты:

– Елбасы «Қазақстанның ғылыми әлеуетін арттыру, оның ішінде зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ, ғылыми коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдірген жөн», – деп баса айтты.

Аталмыш бағыттар бойынша мақсат-міндеттерді біздің техникалық универ­ситетте қазіргі таңда білім алып жүрген болашақ мамандар жүзеге асыруы тиіс. Сондықтан, бүгіннен бастап өз маман­дығын меңгерумен қатар, инновациялық ізденістерге жіті назар аудару қажет.

Тайшыбек АЯТ, ҚазҰТУ-дің І курс студенті:

– Елбасы Жолдауы біздің болашаққа деген сенімімізді арт­тыра түсті. Жолдауда – 2050 жылы қазақ елі қандай болатыны және қазақ жастары ұлы мұраттарға жету үшін қандай бағыт-бағдар­ларды ұстануы қажет екендігін нақтылап берді. 2016 жыл­­­дан бастап студент-жастардың шәкір­тақысы 25 пайызға өсетін болды. Бұл – студенттерге жасалып отыр­ған зор жақсылық.

Салтанат АСЫЛАНБЕКОВА, ҚазҰТУ-дің ІІІ курс студенті:

– Әлемді аузына қаратқан елдердегі дағдарыс қазіргі кезде одан әрі күрде­леніп, тіпті, кейбір мемлекеттерде әлеу­меттік қарама-қайшылықтар туындап жат­қанын көріп те, естіп те жүрміз. Біз қиын сындарға сүрінбей төтеп бере алдық, дағдарысқа төтеп бере алдық. Халық­аралық маңызы зор жиындарды басқаларға үлгі боларлықтай етіп өткіз­дік. Біздер, жастар, ендігі жерде келе­шекке бағытталған міндеттерді ынтымақ­таса отырып шешетін боламыз. Біз үшін бұл – ортақ парыз. Еліміздің ертеңі үшін біз бүгіннен бастап өз үлесімізді қосатын боламыз. Қазақ білімінің қарашаңырағы – Ұлттық техникалық университет студенттері дәл қазір Елбасы Жолдауын­дағы көрсетілген басымдықтарды бағытқа алып, оны орындау жолында бірлесе іске кірісіп жатыр.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *