ҚазҰМУ-де академик Б. Атшабаров атындағы орталық ашылды

Ербол ТҰРЫМБЕТОВ

Алматыдағы С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінде Ұлттық Ғылым академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Бахия Атшабаровты еске алуға арналған ғылыми-зерттеу орталығы ашылды.

30 жылдан аса Кеңес Одағының негізгі ғылыми медициналық орталығы – Аймақтық патология институтын басқарған Бахия Атшабаров туған халқына ерен еңбегімен танымал. Ол 1957 – 1959 жылдары Семей полигонында зерттеу жүргізіп, ядролық бомбалар сынағының еш зияны жоқ деген нәтижені алғаш болып жоққа шығарды. Ал, Семей полигоны аймағында анықтаған «Қайнар синдромы» патологиясы әлемдік медицинаға жаңа ауру түрі ретінде енді.

Ашылу рәсімінде алдымен сөз алған университет ректоры Айқан Ақанов орталықтың ашылуына орай медицина ғылымдарының дамуына үлкен бетбұрыс жасалғандығын атап өтті. Сосын жиынға қатысушылар Бахия Атшабаровтың көзі тірі кезіндегі жарқын сәттері бейнеленген фильмді тамашалады. Біртуар ғалымның көзін көрген, шәкірті болған тұлғалардың бірі ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі Төрегелді Шарманов «Ұстазым Бахия Атшабаров өз өмірінің жалындаған кезеңін қудалауда өткізді. Мен ол кісінің төл шәкірті болдым. Бір сөзінде «Өз балаларымнан артық болмасаң, кем емессің» дегені бар еді. Пір тұтар ұстазымның еліміздің медицина ғылымында да алар орны ерекше» – деді.

Қарқаралы өңірінің тумасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Бахия Атшабаров Қазақстан ғылымына 160 ғылыми еңбек, оның ішінде 5 монография, 5 ғылыми жаңалық енгізген.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *