Аялдамаларға электронды ТАБЛО ОРНАТЫЛАДЫ

Жыл соңына дейін қаланың ірі жол торабындағы аялдамаларда қоғамдық көлік бағытының нөмірін, жұмыс уақытын, қозғалыс кестесін көрсететін электронды таблолар пайда болады. 

Қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Талғат Хосчанов­тың айтуынша, шаһар билігі аялдамаларға цифрлы табло орнатуға қарсы емес. Жаңа құрылғылар қала бюджетінен тыс қаржы есебінен орнатылады. Бүгінде алғашқы табло Тимирязев көшесі бойындағы BRT желісінде жыл соңына дейін пайда болады. Таблоны орнатуды Көлік холдингі өз мойнына алып отыр.

Талғат Хосчановтың айтуынша, мегаполистің 360 мың тұрғыны «CіtyBus» қосымшасын пайдаланады екен. Бұдан өзге, 200 мың алматылық  «Оңай» қосымшасындағы QR-коды арқылы қоғамдық көліктің қозғалысын онлайн-режимде бақылайды екен.

Жалпы, жыл соңына дейін Алматыда қоғамдық көліктің 87 пайызы жаңарады. Өткен аптада қалаға тағы 200 жаңа автобус келген болатын.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *