АВТОКӨЛІКСІЗ АУЛА

Алматының Наурызбай және Бостандық аудандарында екі жаңа тұрғын үй кешендері бой көтереді

idi_5443

Алматыда қала әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен қала құрылысы кеңесінің отырысы өтіп, онда «Шұғыла» және «Мәдениет» ықшамаудандарында бой көтеретін тұрғын үй кешендерінің концептуальды жобалары бекітілді.

Бостандық ауданындағы Тәжібаев көшесінің бойында төртінші сыныпты 12 қабатты 828 пәтерлі екі бала бақшасы мен ойын алаңдары бар тұрғын кешенін салу жоспар­ланған. Я.Гейлдің концепциясы бойынша үйде 890 орынды көлік тұрағы салынады, соның арқасында аулада ешқандай автокөлік болмайды. Осы құрылыс қолға алынса, 500 жаңа жұмыс орны ашылады, ал кешен пайдалануға берілген кезде 171 адам жұмыспен қамтылады.

Эскизді жобасы қабылданған тағы бір кешен 4 және 5 сыныпты үйлер, бұларда 910 және 4860 пәтерлер, 1834 орын­ды көлік тұрағы, мектеп, балабақша және 15700 шаршы метрлі алаң болады.

Қала құрылысы кеңесінің отырысында бес жобаның 2-еуі бекітілді. Қалғандарында дамыған инфрақұрылым және басқа да қажетті әлеуметтік нысандар қарастырыл­маған.

 

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *