АВТОКӨЛІК ЖҮРГІЗУ ҮШІН

1116берілетін сенімхатты электронды түрде алуға болады

Айнабай МӘДИ 

Еліміздің электрондық үкімет порталында Ішкі істер министрлігінің жаңа онлайн-қызметі іске кірісті.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» ационерлік қоғамының баспасөз қызметі портал пайдаланушыларына автокөлікті жүргізу үшін берілген сенімхатты өздігінен алуға мүмкіндік туғанын хабарлады.

– Бұл жаңалықтың артықшылығы бар.  Ол үшін интернетке қолжетімділік пен электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет. Енді нотариус пен ТЕБ жүгінудің керегі жоқ. Өтініш  берушіге белгілі-бір құжаттың көшірмесін жасау қажет емес. Тек, электрондық форманың қажетті алаңын толтырса жетіп жатыр, – деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының электрондық қызметтер мен сервистер жөніндегі орынбасары Талғат Исмағамбетов.

Қызметті қолданушы алдымен egov.kz порталына тіркеліп, «Көлік және коммуникация» тарауындағы «Автомобиль көлігі» салымына кіреді. Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, cенімхат бойынша «көлік құралын басқарушы тұлғаларды тіркеу» дегенді шерту керек.

«Онлайн қызметке тапсырыс» батырмасына ауысқан соң  пайдаланушы сенім берілген тұлғаның ЖСН-ін, мекен-жайы мен көлік құралының мемлекеттік нөмір белгісін, сериясы мен көлік құралын тіркеу туралы куәлік нөмірін көрсетуі керек. Содан соң өтінішге ЭЦҚ көмегімен қол қойылады.

Өтініш санаулы сәтте өңделіп, өтініш беруші порталдағы жеке кабинетте дайын сенімхатпен таныса алады, не болмаса оны басып шығара алады. Айта кетерлігі, қызмет тегін көрсетіледі. Барлық мәселемен Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 нөміріне хабарласуға болады.  Еліміздің ішінде  қоңырау шалу – тегін.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *