Автобус паркі 30 пайызға жаңарады

Алматыда көлік реформасы аясында тағы 500-ден астам жаңа автобус сатып алынады

 

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында №19  бағыты бойынша жолға шыққан жаңа автобустарды көрді.

Қала тұрғындарының өтініші бойынша ашылған жаңа бағыт Жароков, Розыбакиев, Рысқұлов сияқты магист­ральді көшелерді және «Қазақфильм», «Алғабас» елді мекендерін қамтиды. Бұларға 20 төмен еденді, сыйым­дылығы үлкен автобустар қызмет көрсетеді, қозғалыс интервалы 6-7 минут.

Жалпы, көлік реформасының кезең аралық қоры­тындысы соңғы  екі жыл ішінде қаланың бағыт желілеріне 500 жаңа автобустың шығарылғанын көрсетті. Көлікті жаңартудың арқасында 18  бағыт бойынша автобустардың қозғалыс интервалы 3 есе қысқарып, 9 минут болып, жолаушылардың күнде­лікті легі орташа 46%-ға  артқан. Бұлардан өзге, 14 жаңа бағыт ашылды. Қалалық автопарк­тегі  қолда­нылғаны  3 жылға дейінгі автобустар үлесі қазірдің өзінде 44 %-ды құрайды.  Алматы әкімі Бауыржан Байбек  ОСЭР стандарт­тарына сай жолаушылар көлігін тұрақты қалып­тастыру үшін қаланың автобус паркін жаңарту және кеңейту қажеттігін атап өтті.

Биылғы жылы «Алматыэлектротранс» ЖШС үнемдел­ген қаржы және алынған пайда есебінен ЛиАЗ және ІVECO маркалы 199 автобус алуды жоспарлаған. «Green Bus company» ЖШС газбен жүретін 200 автобус алатын болады. Жүк тасымал­даушылар тағы да 131  автобус сатып  алуды қарас­тырған. Осылайша 2018 жылы Алматының автобус паркі тағы да 30%-ға жаңарады.

Бұлардан өзге, қалада метро желісі және оның екі бекеті салынуда, BRT  және LRT жобаларын жү­зе­ге асыру қолға алынуда. Жыл аяғына дейін қазақ-неміс компаниясы үшінші кезеңдегі электро­ав­то­бустар шығаратын зауыттың құрылысын бастайды.

 

Керек дерек

     

Алматыда №12, 22, 50, 56, 57, 65, 69, 70, 86, 95, 103, 112, 115, 124, 126, 127, 131, 137 бағыттары бойынша жаңа  автобустар жолға шығып,

№77 және № 98 бағыттары қайта  жаңарып, №1 бағыт пен  №201 магистральды бағыты ашылған еді. Көрші облыстан қалаға қосылған елді мекендерді көлікпен толық қамту үшін 10 бағыт ашылған.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close