АВТОБУС БАҒЫТЫНЫҢ СЫЗБАСЫ ӨЗГЕРДІ

Алматыда 12 сәуірден бастап №68 автобус бағытының сызбасы өзгерді. Қаланың «Ремизовка» ықшамауданы тұрғындарының өтінішіне орай, автобус бағыты соңғы «Ремизовка» аялдамасынан «Қазақфильм» ықшамауданындағы Алматы көшесіне дейін ұзартылды. Енді автобустар «Арайлы–Желтоқсан–Цен­тральная–Жұлдыз–Өтегенов–Бәйкенов–Ахмадиев–Алматинская» бағытымен жүреді.

Бағытқа күнделікті 4 автобус 15 минут интервалмен шығады. Автобус бағытына «Алматы Электротранс» ЖШС тасымал­даушы мекемесі қызмет көрсетіп отыр.

 

«Ақшам-ақпарат».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *