АВТОБУС БАҒЫТТАРЫ ӨЗГЕРДІ

№49 бағыттағы автобустың (Абай елді-мекені – «Саяхат» автовокзалы) қысқартылуына байланысты, №11 қоғамдық көліктің бағыты Абай елді-мекеніне (Абай саяжайлары) дейін ұзартылды.

Сонымен қатар, №8 және  №73 бағыттағы қоғамдық көліктердің жүру кестесіне өзгерту енгізілді.

№8 автобустың бағыты:

– «Жас қанат» ықшамауданы – Хмельницкий көшесі – Шемякин – Рысқұлов даңғылы – Жангелдин көшесі – Мақатаев – Райымбек даңғылы –«Райымбек» метро-бекеті. Автобустың барар және қайтар бағыты осы қалыпты сақтайды.

№73 автобустың бағыты:

– Алматы-1 вокзалы – Рихард Зорге көшесі – Ақан сері көшесі –Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров  – Тобаяқов – Сейфуллин – Райымбек даңғылы – Қонаев – Мақатаев – Жетісу көшесі – Райымбек даңғылы – Добролюбов көшесі – Оренбурская көшесі – ШААЖ – Балтабаев көшесі –Базарбаев көшесі, ал  батыс бағытта Добролюбов көшесі – Райымбек даңғылы – Жетісу көшесі – Мақатаев – Назарбаев даңғылы және ары қарай сол бағыты бойынша кете береді.

Сонымен қатар, №34 автобустың қозғалысы өзгертілді. Бұдан былай аталған қоғамдық көліктің қозғалысы Мега-орталық жанындағы Қожабеков көшесіне дейін ұзартылды.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *