АУЫЗСУ ЖҮЙЕСІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Наурызбай ауданына қарасты «Құрамыс», «Таусамалы», «Карағайлы» елді-мекендерін ауызсумен қамтамасыз ету жүйесі қалпына келтірілді.

Қарағайлы өзенінің суы тұндырылды. Соның арқасында фильтрлі стансаның жұмысы реттелді. Қазіргі кезде су залалсыз­дандырылып, барлық кешенде дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Коммуналдық қызметтер өзен арнасын, фильтрлер мен құбырларды тағы бір рет тазартып шықты. Су желілері де жуылды. Қазір су қысымын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Алматы Су» мекемесі су есептегіштері жоқ ықшамаудандар тұрғындарына су болмаған кездің төлемі есебін қайта жасайтын болады.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың 14 тамызында болған сел тасқыны және судың лайлануы салдарынан Қарағайлы өзенінің су қоймасына су жіберілмеген еді. «Қарағайлы», «Таусамалы», «Құрамыс» елді-мекендеріне ауызсу автоцистер­налармен жеткізілді.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *