АУЫЗСУ МӘСЕЛЕСІ ДЕ АЙТЫЛДЫ

Қайрат Абдрасилов, «Алматы Су» мекемесінің Бас директоры:

 

— Президентіміз Қа­сым-Жомарт Тоқаевтың  «Сын­дарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркен­деуінің негізі» ат­ты Қа­зақстан халқына Жол­дауын тыңдадым. Елба­сы­ның бес институцио­нал­дық реформалары мен Ұлттық жоспарлары  айқын­далған бұл құжатта халық көкейінде жүрген мәселелердің барлығы толығымен  қамтылған.

Жолдауда күн тәртібінде тұрған сауалдардың бірі – ауызсу мәселесі де қалыс қалған емес.  Халықты сапалы және үздіксіз ауызсумен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Сумен қамтамасыз ету мен суды бұру бағыттарын дамытуға шамамен 250 миллиард теңге  бөлінетінін атап өтті. Бұл ретте «Алматы Су» кәсіпорны еліміздегі ең ірі су өндіруші мекеме. Сондай-ақ, қала бойынша «Nur Otan» партиясының ең көлемді бастауыш партия ұйымы. Соңғы жылдары қалаға біршама жаңа аумақтар қосыла бастады. Жаңа аудандардағы су сапасын қалалық деңгейге дейін жеткізу қажет. «Шетсіз қала» жобасын жүзеге асыру барысында биыл бірқатар ықшамаудандарда жаңадан салынған су мен кәріз құбырлары іске қосылуда. Наурызбай ауданының күрделі мәселелерінің бірі – су тапшылығы.

Жаңа цифрлы технологияларды дамыту бағытында да үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мекеме толығымен автоматтандырылған, заманға сай жүйеге қадам басып келеді. Мекемеде суды өндіруден бастап, тасымалдау, суды таратуға дейінгі бағыт автоматты жүйеге өткізілуде. Жүргізілген жұмыстар қызмет сапасын көтеру, желілердің тозу деңгейін төмендету мен энергия қуатын үнемдеу, өтім қызметінің жұмысын оңтайландыру, жөндеу қорын көтеруге ықпал етеді.

Бұдан өзге, Жолдауда атап өткен негізгі бағыт­тар­дың бірі – шағын және орта бизнесті дамытуға, ілге­рілетуге көмектесу. Бұл бағытта да мекеме тарапынан жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, ауызсуға қосылу тәртібі оңтайландырылып, келісім-шарт құруға қажетті  құжаттар саны азайтылды.

Мемлекет басшысы ерекше атап өткен Жолдаудың бір қыры – халықпен кері байланыс құру бағыты. «Алматы Су» кәсіпорны да Халыққа қызмет көрсету жұмыстарын дамытуда. Сонымен бірге, ашықтық, бейімділік, қоғамдық диалог құруға дайын. Мекеме қазіргі заманға сай  әлеуметтік желілерден де қалыс қалған емес. Тұтынушылардың мәселелері мен ұсыныстарын қабылдау мақсатында әр ай  сайын «Ашық есік» күндері өтеді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *