«Ауырып ем іздегенше…»

Әлемді дүрліктірген пандемия біздің өмірімізді өзгертіп жіберді. Соның салдарынан еліміз әлі де қалыпты тіршілік ауанында өмір сүре алмай келеді. Қауіп сейілгенімен, халықта үрей басым.
Бүгінде індеттің екінші толқыны қайта бас көтеруі мүмкін екенін болжаған денсаулық саласы мамандары халықты сақтық шараларын сақтауға шақыруда. Осыған орай карантиндік шектеулер де күн санап күшейтілуде. Бұл, біріншіден, халық арасында инфекцияның таралып кетпеуіне тосқауыл болса, екіншіден, «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеу» керек екенін ескертеді. Демек, карантин талаптарына сай сақтық шараларын қатаң сақтаудың маңыздылығы басым, пайдасы зор. Ол үшін біз барлық жерде бетперде тағуды, қоғамдық орындарда әлеуметтік қашықтықты сақтауды, сондай-ақ, қарапайым гигиеналық талаптарды орындауды күнделікті дағдымызға айналдырсақ болғаны. Өйткені, бұл сақтық – өзіміздің денсаулығымыз үшін қажет. Яғни, әрбір адам өзінің жеке басына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Мүмкіндігінше, көпшілік жиналған ортаға бармауға, қолымызды күнделікті сабынмен жууға, сондай-ақ, қорғаныс үшін медициналық бетперде тағып жүрейік… Ел болып пандемиямен күресуде осы сақтық шараларын басты назарға ұстасақ, біз алмайтын қамал болмас. Сондықтан, барлығымыз «жұдырықтай жұмылып» сақтық шараларын сақтайық!

Назерке ИМАНАЛЫ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *