Ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

13 шілде күні мегаполистің «Астана» алаңында Алматы облысының фермерлерінің кеңейтілген жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеге облыстың 17 ауданы мен Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалаларынан сапалы да экологиялық таза ауылшаруашылық өнімдері әкелініп, төмендетілген бағамен саудаға түседі.

Шаһар тұрғындары мен қала қонақтарына жалпы көлемі 150 тонна болатын 50-ден астам атауы бар өнім ұсынылады. Жәрмеңкеге әкелінетін ет-сүт, бау-бақша, балық, құс өнімдері, түрлі жармалар, шұжықтар, сұйық майлар – барлығы да отандық өнімдер.

Алматы облысының кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесіне шығарылатын өнімдерінің бағасы базар бағасынан 15–20 пайыз арзан болады.

Келіңіздер, жәрмеңке шақырады!

«Ақшам-ақпарат».    

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *