АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІН АРЗАН БАҒАМЕН ҰСЫНДЫҚ

«Алматы қаласының маңында азық-түлік белдеуін дамыту шаралары туралы» өкімінің орындалуы туралы 2018 жылдың қаңтар-қараша айындағы көрсеткіштері

Алматы облысы Талғар ауданының ауыл шаруашылығы саласында 2018 жылдың қаңтар-қараша айларында 40834 млн. теңгенің  жиынтық өнімі өндірілді. Оның ішінде аудан жұртшылығы мал өнімдерін өндіру бойынша қаңтар-қараша айларында 11224 тонна ет,  54296,4 тонна сүт, 22 млн. 701 мың дана жұмыртқа алуға қол жеткізді.

Бүгінгі күнге ауданымыздың ауылшаруашылық құрылымдары Алматы қаласы тұрғындарына арзан бағамен 1980 тонна ет, 200 мың дана жұмыртқа, 5500 тонна сүт, 38500 тонна көкөніс, 20000 тон­на картоп, 8500 тонна жеміс-жидек өнімдерін  сатты.

Талғар ауданында 10700 тон­наны құ­райтын 12 қойма бар, оның 5-еуі 5700 тонналық көкөніс, 4-еуі 2600 тонналық жеміс-жидек, 3-еуі 2400 тонналық картоп қой­ма­лары. Ағымдағы жылы қосымша 5000 тон­налық жеміс сақтайтын қойма салу қолға алынып отыр.

Аудан бойынша биыл жалпы көлемі 4,55 гектар құрайтын жылыжай шаруа­шы­лықтарынан 1080 тонна өнім алынды. 33 цех ауылшаруашылығы өнімдерін қай­та өңдеумен  айналысады. Оларда 1266 адам жұмыс істеп келеді. Жалпы, 2018 жылдың қаңтар-қараша айлары бойынша 8622 млн. теңгенің өнімдері қайта өңделді.

Кейінгі бағдарламалар бойынша қол­ға алынып жатқан жалпы құны 1889,0 млн. теңгені құрайтын 2 ин­вестициялық жоба  іске қосыл­ды. Бірінші – «Баймене» ЖШС 40 гек­тар алқапқа қарқын­ды бақ отыр­ғызу жұмыстарын қол алды,  екінші – «Алматы» АШӨК 800 бас­қа арналған сүт өнімдері фермасы ашылды. Жалпы, 2018 жылы Ал­маты, Астана қала­ла­рында өт­кізілген Алматы облысы­ның ауыл шаруашылығы жәрмең­ке­леріне Талғар ауданының  ауыл шаруа­шылық құры­лымдары белсене атсалысты.

Ағымдағы жылы жәрмеңкеде ар­зан­датылған  бағамен  сатыл­ған өнімнің  жал­пы құны – 237,5 млн. теңгені  құрады,  оның  ішінде Ал­­маты қаласында өткізіл­ген кеңей­тіл­ген  облыстық жәрмеңке­де – 13,9 млн. теңге, Астана  қаласында – 11,9 млн. теңге, Алматы қаласындағы арнайы бекітілген орындарда (Медеу, Бостандық аудандарында 45 мәр­те) – 211,7 млн. теңге өнімдері ұсынылды.

Аталған жәрмеңкелерге ауда­нымыз­дағы шаруашылықтар 2017 жылы барлық ауылшаруашылық өнімдері бойынша жалпы көлемі 127,3 млн. теңгеге өнім өт­кізсе, ал 2018 жылы 237,5 млн. теңгеге жұрт­шылыққа арзан бағамен өнім ұсын­ды. Былтырғы жылмен салыстырғанда 110,2 млн. теңгеге артық өнім түрлері арзан бағамен халыққа ұсынылды.

Бұл жұмыстардың бәрі Ал­матының азық-түлік белдеуін жақсартуға негіз болып, мегапо­лис халқын арзан бағамен азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге септігін тигізді деген сенімдеміз.

 

Қайдар АБДЫХАНОВ,

Алматы облысы,

Талғар ауданы әкімінің орынбасары.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *