Ауыл шаруашылығының экономикасын дамыту – уақыт талабы

Халықаралық БҰҰДБ ұйымы биоалуан түрлілікті сақтау, жердің тозуын болдырмау және климаттың өзгеруі бағдарламалары аясында Eco Fermer білім беру орталығы құрылған болатын.

Ғаламшардың жер ресурстары климаттың өзгеруімен күшейетін антропогендік әсердің өсіп келе жатқан қысымында тұр. Топырақтың құнарлы қабаты мен қоректік заттарының кемуі табиғи экожүйелердің күйі мен жергілікті халықтың өмір сүру сапасына кері әсерін тигізеді. Осыған орай, ғылыми қауымдастық және халықаралық ұйым өкілдері экономикадағы ахуалды жақсарту және халықтың әл-ауқатын жоғарылату үшін жер ресурстарын тұрақты басқару саласындағы стратегияны әзірлеу мен іске асыру қажеттілігін баса айтуда. Қазақстан шөлейттену проблемаларына ерекше мән береді, оның ажырамас бөлігі жердің тозуы болып табылады. Жердің деградациясы табиғи және антропогендік әсерден егін егетін жерлер немесе жайылым жерлердің биологиялық және экономикалық өнімділігінің төмендеуін немесе жоғалуын білдіреді.

Ауыл шаруашылығын климаттың өзгеру жағдайларына бейімдеу мүмкін бе? Осы сектордағы парниктік газдар шығарындыларын азық-түлік қауіпсіздігіне және экономиканы дамытуға қауіп төндірмей төмендетуге бола ма? Мұндай сұрақтар өңірде ауыл шаруашылығын дамыту тенденциясын талқылау кезінде шарасыздан туындайды.

Осы сұрақтарға жауап алу үшін Алматы маңындағы Кемертоған ауылында орналасқан EcoFermer білім беру орталығына көшпелі сессия ұйымдастырылды. Бұл – көрнекілік орталық емес, экономикалық тиімділік шарттарында жұмыс істейтін және әр түрлі ауылшаруашылық өнімдері мен органикалық ауыл шаруашылығы үшін өнім жеткізетін фермер шаруашылығы.

Фермер шаруашылығының иесі Денис Тен шаруашылығының барлық даму бағыттарын ұсынады: көкөністер мен жидектерді өсіру, жүзім ұлуларын, бөдене, қоян, ешкі, қой, шошқа өсіру, денсаулыққа бағалы есек сүтін өндіру, ара шаруашылығы. Осы бағыттардың әрбіреуіне көп шығын жұмсалады, алайда уақыт өте белгілі табыс әкеліп, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етеді.

Фермер шаруашылығында табиғат ресурстарын үнемдейтін заманауи технологиялардың кең түрлері ұсынылған: органикалық егін шаруашылығы, органикалық қалдықтарды қайта өңдеу, қайта жаңартылатын энергия, энергиялық тиімді құрылыс.

Маңызды бөлігі – 10 текше метрге есептелген қондырғы көмегімен биогаз өндірісі үшін қолданылатын органикалық қалдықтарды толық қайта өңдеу. Биогаз жылыту, тамақ дайындау үшін қолданылады, тұрмыста өте қолайлы. Биогаз өндірісінің органикалық қалдықтары калифорниялық шұбалшаңдар көмегімен Қазақстан нарықтарында сұранысқа ие органикалық тыңайтқыштарға қайта өңделеді.

БҰҰ даму бағдарламасы (БҰҰДБ) елдердің мемлекеттік құрылысында көмек көрсете отырып, олар дағдарысқа қарсы тұра алуы үшін, әрбір адамның өмір сүру сапасын жақсартуға алып келетін өсуді көтермелей және қолдай отырып, қоғамның барлық жіктерінің өкілдерімен ынтымақтасады. 170-тен астам елдер мен аумақтарда жұмыс істей отырып, БҰҰДБ адамдардың неғұрлым толық құқылы өміріне жәрдемдесетін және мемлекеттердің өміршеңдігін арттыратын жаһандық пайымдау мен жергілікті шешімдерді ұсынады.

Салтанат ҚАЖЫКЕН.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *