АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІН АРЗАН БАҒАМЕН ҰСЫНДЫҚ

«Алматы қаласының маңында азық-түлік белдеуін дамыту шаралары туралы» өкімінің орындалуы туралы 2018 жылдың қаңтар-қараша айындағы көрсеткіштері

 

Алматы облысы Талғар ауданының ауыл шаруашылығы саласында 2018 жылдың қаңтар-қараша айларында 40834 млн. теңгенің  жиынтық өнімі өндірілді. Оның ішінде аудан жұртшылығы мал өнімдерін өндіру бойынша қаңтар-қараша айларында 11224 тонна ет,  54296,4 тонна сүт, 22 млн. 701 мың дана жұмыртқа алуға қол жеткізді.Бүгінгі күнге ауданымыздың ауыл шаруашылық құрылымдары Алматы қаласы тұрғындарына арзан бағамен 1980 тонна ет

????????????????????????????????????

, 200 мың дана жұмыртқа, 5500 тонна сүт, 38500 тонна көкөніс, 20000 тонна картоп, 8500 тонна жеміс-жидек өнімдерін  сатты.  Талғар ауданында 10700 тоннаны құрайтын 12 қойма бар, оның 5-еуі 5700 тонналық көкөніс, 4-еуі 2600 тонналық жеміс-жидек, 3-еуі 2400 тонналық картоп қоймалары. Ағымдағы жылы қосымша 5000 тонналық жеміс сақтайтын қойма салу қолға алынып отыр.Аудан бойынша биыл жалпы көлемі 4,55 гектар құрайтын жылыжай шаруашылықтарынан 1080 тонна өнім алынды. 33 цех ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен  айналысады. Оларда 1266 адам жұмыс істеп келеді. Жалпы, 2018 жылдың қаңтар-қараша айлары бойынша 8622 млн. теңгенің өнімдері қайта өңделді.   Кейінгі бағдарламалар бойынша қолға алынып жатқан жалпы құны 1889,0 млн. теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба  іске қосылды. Бірінші — «Баймене» ЖШС 40 гектар алқапқа қарқынды бақ отырғызу жұмыстарын қол алды,  екінші — «Алматы» АШӨК 800 басқа арналған сүт өнімдері фермасы ашылды. Жалпы, 2018 жылы Алматы, Астана қалаларында өткізілген Алматы облысының ауыл шаруашылығы жәрменкелеріне Талғар ауданының  ауыл шаруашылық құрылымдары белсене атсалысты. Ағымдағы жылы жәрмеңкеде арзандатылған бағамен сатылған өнімнің жалпы құны – 237,5 млн. теңгені құрады, оның  ішінде Алматы қаласында өткізілген кеңейтілген облыстық жәрменкеде – 13,9 млн. теңге, Астана  қаласында – 11,9 млн. теңге, Алматы қаласындағы арнайы бекітілген орындарда (Медеу, Бостандық аудандарында 45 мәрте) – 211,7 млн.теңге өнімдері ұсынылды.Аталған жәрменкелерге ауданымыздағы шаруашылықтар 2017 жылы барлық ауыл шаруашылық өнімдері бойынша жалпы көлемі 127,3 млн. теңгеге өнім өткізсе, ал 2018 жылы 237,5 млн. теңгеге жұртшылыққа арзан бағамен өнім ұсынды. Былтырғы жылмен салыстырғанда 110,2 млн. теңгеге артық өнім түрлері арзан бағамен халыққа ұсынылды.Бұл жұмыстардың бәрі Алматының Азық-түлік белдеуін жақсартуға негіз болып, мегаполис халқын арзан бағамен азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге септігін тигізді деген сенімдеміз.

 

    Қайдар АБДЫХАНОВ,     

Алматы облысы

Талғар ауданы әкімінің орынбасары.        

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *